b3972305828has quoted6 years ago
«БАБАЛАР СӨЗІ» СЕРИЯСЫНАН

БАТЫРЛЫҚ ЭПОС

ҚАРАСАЙ, ҚАЗИ

(Мұрат Мөңкеұлы нұсқасы)

Өткен заманда Мұса деген би болыпты. Мұса биден отыз ұл қалады. Отыз ұлдың ішінде Мамай би болып, ел билейді, Орақ батыр болып, ел қорғайды. Мамай мен Орақ билік пен батырлықты қатар жүргізіп, еліне өте қадірлі болады. Мұса бидің қалған балалары, басы – Қарабатыр, Тілеке, Алшы, Исмайыл, Тобаяқ дегендер болып, бұларды күндейді. Бұлар Орақтың алмас қылышын жасырып алып, түнде Орақ жатқан үйдің есігіне көлденең құрып қойып, ауылды айнала жылқы қуып, «Жау келді! Аттан, Орақ! Аттан!» – деп айқай салады. Төсекте жатқан Орақ сыртқа жүгіре шығамын дегенде, есіктегі құрулы алмасқа ұшырап, жараланады. Осы жерде Орақ өледі.

Орақтың артында Қараүлек деген шешесі, бір аяғы ақсақ, бір көзі соқыр қатыны, Қарасай, Қази деген екі баласы һәм Қибат деген бір қызы қалады.

Қарасай, Қази жасынан-ақ батыр болып, атасының дұшпандарымен көп жауласып, Орақтың елін қайта меңгеріп алады.

Орақ ауырып жатқанда Ақмырза деген досының айтқаны:

– Ебей басты құба үлек,

Сенен соң жүк көтерер түйе жоқ!

Айғыры өлген ақ байтал,

Сенен соң ат туарға бие жоқ!

Бұ сөзімде жүйе жоқ,

Ертеңнен кешке зарласам,

Есіркер бізді ие жоқ!

Арыстан сынды ер Орақ

Жатыр екен бүгіліп,

10. Әділ жаннан түңіліп,

Досыма жаман түс көріп,

Бір ұқсаусыз іс көріп,
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)