Елеу Толегеновhas quoted5 years ago
Арғынаты төңірегінде қырғауыл, дала қазы секілді суы аз жерде үйреншікті құстар мен арқар, бөкен, киік көп кездесетін. Хан тобы үш күн бірдей аң аулады. Дабыл қағылып, қаршығалар жерден жаңа көтерілген кездерінде кекілік пен ұларды топырлатып ілді. Мерген жігіттер киіктерді садақпен қиядан қағып қырып салды. Бірақ Сарыбай бастаған үш жігіт қанша аңдыса да, көз қиығын бұлардан аудармаған Жәнібекті қолдарына оңаша түсіре алмады. Ажал алайын деп қанша құлшынғанмен, жауыздықтың реті келмеді. Әбден ызаланған жігіттер не істерін білмей, хан ертең елге қайтады деп тұрғандарында, Жәнібекті мерт етер бір жағдай кездейсоқ тап болды. Аң аулау қызығына кіріп кетіп, әбден елеуреген Жәнібек бір мезет аужайын байқай алмай қалды. Қастарынан жанай қашқан ақ бөкенді көре сала, атын борбайлап тұра қуды. Күнімен аң соңынан шапқан серіктерінің аттары әбден болдырған-тын. Тек түске дейін ұдайы шапса тері ғана шығатын Жәнібектің көкбуырылы ғана әлі тың еді. Атбегі әбден жаратқан екен, қабақ қаққанша жолдастарынан ұзап кетті. Ол ақ бөкенді қуып келе жатып, төтеден қосылған хан тобы мен әлгі үш қоңырды көрді. Хан атын жаңа ғана ауыстыр-
ған. Ал Сарыбай тек Жәнібекті аңдумен ғана жүріп астындағы жүйрігін тың ұстаған. Әрі-беріден
  • unavailable
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)