Сейтенмен үзеңгілес түксиген қабақты, кескен томардай келте қара сұр жігіт келеді. Сары ала қынапты қисық табан келте қылыш тағынған. Кісі өлтірген адамдай түсі зәрлі. Бұл Қубет ұлы Ожар. Бір кездегі барымтаға да, жауға да қатар шапқан Сейтеннің үзеңгілес досы. Соңғы үш-төрт жыл ішінде Ақмола аға сұлтаны Құдайменденің Қоңырқұлжасының қасында болып, жақында ғана өз еліне қайтып келген.
Aqzhanдәйексөз қалдырды10 ай бұрын
-жылы сөйлесе жылан інінен шығады, қатты-қатты сөйлесе мұсылман діннен шығады.
Арман Саттардәйексөз қалдырдыбылтырғы жыл
Адам кейде шын ғашық болып қосылмағанмен, егер бірін-бірі ұнатып табысқан болса, бірге отасқан өмірлерінің ішінде бірін-бірі сыйлап, бірінің көңілін бірі қалдырмай өтсе, бұлардың да махаббаты шын ғашықтардың махаббатындай аяулы келеді.