jarsuatmadeniethas quoted7 years ago
Матай.Кім екені белгісіз. Бірақ соны білу керек. Сен таппасаң табар жан жоқ.

Нарша.Аты-түсі белгісіз болса да, бақ-талайы асқан дұшпаным бар.

Асан.Қарагөздің елінде атағы шыққан жас пері — Сырым бар. Ол жаланған ер, жалындаған ақын, салтанатты сал Сырым... Өз ауылы «тентек» десе де, ол сұлудың албастысы.

Матай. Сырымың не? Оны не деп айтасың?! Ол да Өсердің бірі емес пе?

Асан(жарыса). Рас, Сырым болуға қисын жоқ. Ол қыздың ағайыны. Аралары неше ата екен осылардың? Тым жақын емес те ғой өздері.

Матай.Неше ата болса да, Өсер ауылы бір-бірінен қыз алысқан емес қой.

Нарша.Және шоқтай тұтас бір үйір емес пе бұл ауыл?

Асан.Солай... Жеті атаға жетпей, қыз алысар бұлар емес. Оған жеткенде де құда болыспайды ғой мұндай ауыл. Ал тегі (ойланып), бұл елде Қарагөздің сол Сырымнан басқа теңі жоқ. Сұңқарың қарға шықпаса, арғымақ — жабы болмаса, Қарагөздей бәйтеректің басын шалар қанат-қияқ жоқ. Мен мәнісін білмедім.

Матай.Өзге біреуді айтпасаң, Сырым деудің орны жоқ.

Нарша.Сырым демеймін. Бірақ «мен» деген дос — сендерден тілейтінім — осы жарамның атын атап, тегін танып беріңдер! Қарагөздей тектіге кез болмасам етті? Кез болған соң, оңынан келсем етті! Мына шерді зіл-қара тастай көтеріп жүргенше, шыққыр жаным шықса етті!

Асан.Асыл жігіт, азба! Жасырынған жау жатағы табылар! Тек қана сыр ұшығын берік ұста! Аруағың әлі-ақ басады.

Жүріп кетіседі. Аздан соң сахнаға сәнді киінген бір қыз, бір келіншек шығады. Екеуі де жұқа қара жібек шапан жамылған. Қарагөз бен Ақбала.

Ақбала.Ұшығыңа жеткізбеген бір баласың ғой, әйтеуір. Наршаны менсінбейді дегенді жұртқа не деп айтарды білмеймін. Осы елдегі бас көтерген жас жігіттің талайы тоғыз-тоғыздан жолын алып, сенен бір ауыз жылы жауап әпер дегенде, жалғыз сөзге зар болып едік. Аяғыңа бір күн отыртқан жоқ едің. Қашаннан келе жатқан іс еді мұның? Сені жолдан тайғызған кім? Соны айтшы.

Қарагөз.Кім екенін айтпаймын. Осы жерде бүгін түсін көресің. Бұл істің басталғаны кеше ғана... Қара түнді жамылып, жан сырын ашысқанға бір-ақ жұма. Содан бері екі-ақ көрістік... (Пауза.) Бізді қосқан жай желік пен құмарлық емес! Саған айтар ең үлкен шыным осы.

Ақбала.Атын аташы, ол кім?

Қарагөз.Ұзақ сапарға аттанарда өмір бойға, бір жолға жеңгелік қарыз өте дейтін тілегім болса, сол осы!

Ақбала(тоқтап тұрып). Жасыңнан сырың өзге жансың ғой, Көзжақсым! Мені шегелемей қоясың ба!..

Бес-алты сал келе жатады. Ортасында — Сырым.

Көзжақсым-ау, мынау Жуас қайнағаның баласы ғой. Молда
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)