monika12071993has quoted7 years ago
Біз Мұқағалиды сәл де ұмытқан жоқпыз. Ұмыта да алмаспыз. Қайта арамызға түскен уақыт оның тұлғасын зорайта, асқақтата түсіпті. Жыры жалын ақын қазақ өлеңі өлкесіндегі бір асқарға — дара Алатауға айналғандай. Шынында да, ол қазақ өлеңдерінде Қасым Аманжолов сияқты дауылдай өртке тиген өлеңімен Өмірді шайқаған құдіретті тұлға, қайталанбас кесек құбылыс. Бәрі жадымызда: Оның поэзиямызға қалай келгені. Қалай жетіліп өскені, өршігені. Амал қанша, ол барынша толысып ауылын, астанасын ғана емес, төрткүл әлем қамын ойлай бастаған шағында, сырбаз сезіміне әлеуметтік қуатты ойды, терең пәлсафаны өзек етіп, жүрегінің түбіне кір жасырмай, барлық тұлғасымен толайым көрініп, зор ақындық даусымен жырлай бастаған уақтысында, поэзияның биік шырқауларын көрсететін деңгейге көтерілген кезеңінде үзіліп кетті.
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)