Рамазан Муслимhas quoted8 years ago
ҚОЗЫ КӨРПЕШ - БАЯН СҰЛУ ТУРАЛЫ
М.Әуезов жарияланған нұсқа
Қозы Көрпештің бұл жыры бұрынғы Семей облысында Жанақ айтқан жыр деп жүргізіледі. Бірақ, хатқа түспей, ауызда жүрген ескі жыр. Жағасы жайдақ аққан су сияқты. Оған сай-саланың бәрінің үлкенді-кішілі, тасқыны өз суын әкеп қоса береді. Және ағын судың арнасы қай топырақтан өтсе сол жердің реңін алады. Қозы Көрпештей жырдың арнасы жүрген топырақтар — әр дәуірдің таптық, қоғамдық топырағы. Ол көбінесе бұрынғы би, төре, бай ортасы.
Осы жырдың өзін де Жанаққа "қайта жырла" деп тыңнан айтқызған Сыбан төресі Солтабай деген де сөз бар. Жанақ осының ауылында жатып, жырды бітіріп, ат-шапан сыйлық алып кетіпті дейді. Бұл жыр ішінде Қодарды ылғи үлкен денелі малшы ғана қылып, одан басқа жайға келгенде ұдай мазақтап жырлауы сол малшының иесі - байдың салт-санасын ап-айқын көрсетіп тұр
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)