jarsuatmadeniethas quoted7 years ago
Ақбала төменде, Сырым мен Қарагөз құшақтасып тас басына

өрлейді.

Дулат(өлеңдете сөйлеп).

Күзетші біз отырған сыртта барлап,

Маңайда дұшпандар жүр жындай сарнап.

Екі асық, ынтық болған мұратқа жет,

Жау жатсын іші күйіп онда зарлап!

Қошемет сөз айтамыз сендерге арнап,

Қостайды салдар сізді асық жарлап.

Мақұлдар теріс десе, жолын алсын,

Береміз қалы кілем, қара нарлап!

Сырым күрсінеді. Салдар Ақбаланың айналасына жиналып, ақырындап ән салып отырады.

Сырым(Қарагөзге). Көрмесем деген зауал шаққа жетем бе? Не боламын сонда мен?

Қарагөз.Қайран, Сырым, жан Сырым!.. Жат тағдыр жат ететін шаққа жеткізді ғой мені саған.
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)