Дильноза Балтабаеваhas quoted5 years ago
с уәзірдің бұйрығымен обсерваторияға қағаздың ең таңдаулы түрі —«самарқанди» қағазы бөлінді. Сия да сапалы, ғалымдарға қажет әрбір құрал олардың талабы бойынша дер кезінде жеткізіліп тұрады.

Обсерватория үстінен қала да, күн әбден күйдіріп, ертектерде айтылатын жануарлардың сойдиған тістеріндей жалаңаштанған тау сілемдері де алақандағыдай көрінеді. Исфахан алқабы қасиетті Зайендеруд өзенінің арқасында өлі, сап-сары шел арасында тіршіліктің жасыл бағына оранып тұр.

Осы обсерваторияға әр күн сайын таңертең Омар Хайям келеді. Зайендеруд үстіндегі кірпіштен өрілген көпірден өткенде өзеннің көгілдір ағысына бір минут көз салып, адамзаттың бас-аяғы жоқ шексіз ғұмырының көз ілеспес жылдамдығын ойлап тұрып қалады...
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)