kk

Ілияс Есенберлин

  • b5236619534has quoted2 years ago
    Аюға ақыл үйреткен таяқ деген мақалды естігенің бар ма? Жерінен, билігінен айрылған қазақ айтқанға көнбей қайда барады? Күшпен көндіреміз. Арқасына қамшы ойнатып, соқа жегіп, жер жыртуды үйретеміз. Қол-аяғын матап шіркеуге кіргізіп, Иисус Христосқа шоқынуға мәжбүр етеміз.
  • j a fhas quoted2 years ago
    Күн сәулесіне шомылған көштің беті күнгей тұс. Көш басында тең үстіне қызыл ала масаты кілем жабылған күлсары атан жетектеген, солғын реңді кәрі шал. Астында тобылғы күрең ат, үстінде қоңыр түйе жүн шекпен, басында төрт салалы пұшпақ бөрік. Оның соңынан тізбектелген аттылы, түйелі қалың керуен. Кейбір қомды түйелерде ағараңдаған әйел кимешектері көрінеді. Шаңырақ доңғалақты екі аяқ шиқылдақ арбаларда кемпір-шал, бала-шаға… Қыз-келіншек, бозбала ат үстінде. Бірақ бұлар әдеттегідей ән шырқап, әзілдесе сөз қағысып, бірін-бірі қуып жарыспайды. Үн-түнсіз тұнжырап қалған. Көштің оң жағында қалың жылқы. Қырқаны бүйірлей тасыр-тұсыр жіті басып келе жатыр. Көш соңында қара мал, одан әрі жүре жайылған қотан-қотан қой-ешкі.

    Көш жүрісі шұғыл. Пысқырған жылқы, анда-санда боздаған түйе. Үстіне қауырт келіп қалған мал тұяғынан сасып, қияқ пен ши түбінен пырылдай ұшқан бөдене мен жапалақ.
  • Asemoka_ okahas quoted2 years ago
    Қасым төре баласы Саржан
  • Asemoka_ okahas quoted2 years ago
    Бұлар үш күннен кейін, Баянауыл округінің Сібірмен шектес Төрткөл болысының жеріне жетті. Қаз-үйрегі сыңсыған, әлі де шалғыны қурап сембеген бір ауылға келіп түнемек болды. Бұл осы маңның ел ағасы Бектас баласы Таймастың аулы екен. Таймас ұзын бойлы, денелі ақ сары кісі. Қаржас руына жиен.
  • Asemoka_ okahas quoted2 years ago
    Тайжанның да қолға түсуіне Ожардың себепкер екенін Сейтен білмейтін
  • Asemoka_ okahas quoted2 years ago
    Тіленші баласы Жоламан батыр бастаған Табын руының көші еді.
  • Asemoka_ okahas quoted2 years ago
    Бұл — осы көптің қолбасшысы. Табын руының биі, мың жылқы айдаған сұлтан Тіленші ұлы Жоламан батыр еді.
  • Asemoka_ okahas quoted2 years ago
    Жоламан ең алдымен патша өкіметінен жерін қан төгіспей тату-тәтті келісіммен алуға ниеттенді.
  • tanziyahas quoted2 years ago
    Бұл осы көштің басшысы, Баянауылдағы Қаржастан шыққан Азнабай ұлы Сейтен.
  • tanziyahas quoted2 years ago
    Ал арғы мақсаты осыдан үш жыл бұрын Алтын, Алтай, Тоқа, Уақ руларының қырық мың шаңырағын ертіп Қоқан хандығы қарауындағы Сыр бойына өтіп кеткен Қасым төренің балалары Есенгелді, Саржанға қосылу.
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)