bookmate game
kk
Мұхтар Әуезов

Абай жолы. 1 кітап

Notify me when the book’s added
To read this book, upload an EPUB or FB2 file to Bookmate. How do I upload a book?
  • Шынғыс Тоқановhas quoted3 years ago
    – Абайжан, – деп, ақырын ғана сөз бастап, Ұлжан баласының бетiне жүз бұрды да, – ой да көп, уайым да көп ойлай берсең, ой да жоқ, уайым да жоқ ойнай берсең! – деп едi. Сен соған бақтың ба, балам? – дедi
  • b2844214337has quoted3 years ago
    – Е-е-е! Күштiлер ненi айтады? Күшсiзге еткен зорлығын айтады. Күшсiз ненi айтады? Күштiден көрген қорлығын айтады! – деп топшылағанда, Абай Дәркембай ойының сергектiгiне таңдана қарады.
  • b2844214337has quoted3 years ago
    Софья Перовская туралы әзiрше естiген хабарын бiлдiрдi.
  • b2844214337has quoted3 years ago
    ысын ұмытпағандай.

    Сол жiгiт кiтапханаға Абай кiргенде, қасында отырған паң жүздi көршi әйелiне Абайдың келе жатқанын көрсеттi. Залдың iшiндегi оқушының бiразына естiртiп, даурыға түсiп, тұрпайы бiр әзiл айтты. Ол әзiлi, кең шапан киiп, бұнда отырған жұрт үлгiсiнен басқаша көрiнiспен келген, сахара қазағы Абайды қағытқан сөз едi.

    – Бұл не ғажап! Гоголь кiтапханасына қашаннан берi түйелер жiберiлетiн болған? – дедi.

    Абай бұл кезде кiтапханашы қартқа қол берiп амандасып, өзiне керек кiтабын ендi атағалы тұр едi. Жаңағы тұрпайы әзiлдi құлағы шалысымен, чиновник жаққа салқын ызамен, жалт етiп бiр қарады. Чиновникке жақын отырған бiрер жас оқушы оны қостап, ойсыз күлiп қалған екен. Бiрақ жiгiттiң қасындағы тәрбиелi, көрiктi әйел күлген жоқ. Чиновникке тұңғиық қара көк көздерiн кейiспен бұрды. Қабағын аз шытынып, жiгiттiң әдепсiздiгi үшiн қызарып кеттi. Абайдың алғашқы ашуы бiр-ақ сәтке бiлiнгендей едi
  • Шынғыс Тоқановhas quoted3 years ago
    – Кеше құдiретiңдi аға-сұлтан боп жүргiзiп ең. Ендi, Құнанбай, қажы боп алып, жүргiзем деп барады екесiң. Бiлдiм, құдай жолы емес... Тағы да Құнанбайлық жолыңды жоқтап барады екенсiң ғой. Өлтiрт, талат мына бөлтiрiктерiңе! – дедi
  • b2844214337has quoted3 years ago
    "Баянсыз бақ, тұрлаусыз тiршiлiк. Бар дүниеде тозбақ бар. Исi аңқыған бәйшешегiң де күзi жетсе қуарады. Әл-қуатың кеткенде, алма бет те суалады", деп дүниенiң кезегiн, баянсызын айтты.

    Абай бұл сөздердi
  • Шынғыс Тоқановhas quoted3 years ago
    Көпшiлiктiң сөзiне Құнанбай қосылып кеп, тағы бiр салмақты дәлел тастады:

    – Дәурен ұзаған сайын, ақыр заман белгiсi айқындай бермек. Адам құлқы өзгерiп, азғындай түседi. Бiздiң заманымыз өзге, өзгенi қойғанда, пайғамбар заманына жақынырақ. Бiр табан жақын болса, iлкiм артық та болар!– деген.

    Абай осы сөзге iле жауап бердi. Қазiргi күйде бұның көңiлi, шабыты келген ақындай боп, шарпысуды, қаржасуды тiлеп отыр. Жайнап сергiген ойы да қиынға, биiкке мегзегендей болатын.

    – Жақсылық пен игiлiкке алыс-жақын жоқ. Алатаудың басы күнге жақын. Бiрақ басында мәңгi кетпес мұз жатады. Ал, бауырында неше түрлi гүл, жемiс, неше алуан нәубеттер өседi. Жан-жануарлардың баршасы содан қуат алады. Сiздер пайғамбарға Абуталыптан жақын емессiздер. Ол әкесi едi. Бiрақ Абуталып кәпiр болатын!– дедi
  • Шынғыс Тоқановhas quoted3 years ago
    Өзге балалар да шаба жөнелiстi. Тәкежан мен Абай жай аяңдап қозғалды. Тәкежан iнiсiне жаңағының үстiне тағы да бiр үлкендiк көрсетпек болды.

    – Баламысың, жоқ қатынбысың? Сен ненiң ақысы деп жыладың осы?- дедi.

    Абай Тәкежанға ендi ыза болды. Кiнәлай сөйлеп, қарсы ұрысты.

    – Сенiң үлкен боп, ес бiлгенiң со ма? Бауыр емес пе едi? Бөжекеңе өзiң неге жыламайсың?

    – Е, жыласатын не қалып едi? Жаназасына да шақырмай қойған жоқ па? Соны да ұқпаймысың?

    – Ұққан екенсiң, қарқ қыпсың! Шақырмаған тiрiлер! Сол үшiн өлi Бөжей жазықты ма?

    – Бөжей әкеңмен араз болғандықтан шақыртпады!

    – Бәсе араздық... Сол араздыққа кiм кiнәлы? Кiм жаулықты көп еттi? Соның бәрiнiң ақ-қарасын сен айырып, танып болған шығарсың?

    – Болайын, болмайын, мен әкемнiң жағындамын!

    – Бәсе, одан да соныңды айтсаңшы! "Үлкенмiн, ақылым бар, кiсiге де ақыл айтам" дейсiң! Бөрiнiң артынан бөлтiрiк ақылды болғандықтан ередi дейсiң ғой.

    – Өй, сен не сандалып келесiң осы? Үйдегi алжыған әжеңнiң ақылынан басқа ақыл жоқ деп алғансың ғой өзiң тiптi.

    – Ал, сен болсаң, сол өзiң қостаған әкеден де түк ұғып, түк ақыл алмайсың!

    – Е, менi бiр жайын өскен. Жабайы деп пе ең өзiң? Енеңдi.

    – Бар "өстiм" дегенде, тапқаның осы боқтығың ғой. Малшы-жалшыны жазықсыз боқтап, мардамсығаннан басқа түк үлкендiгiңдi көрсемшi!

    – Бәлем, тұра тұр, осыныңның бәрiн де әкеме айтам!

    – Айтсаң айта ғой! Мен де сенiң жаңағы "алжыған" деген сөзiңдi әжеме айтайын!-деп, Абай Тәкежанға қайсарлана қарады.

    Тәкежан бұл жерге келгенде ерегiстен амалсыз тайқып кеттi. Тегiнде, үлкен жанжалға тауаны жоқ, бұдырсыз болатын. Әкеге шағым жеткiзу алыс та қиын. Айтқанын мақұл көре қоя ма, жоқ па? Онысы тағы екiталай. Ал, мынау Абай сүйенген "әже" деген -әлдеқайда қатер жер.
  • Шынғыс Тоқановhas quoted3 years ago
    Қылышын сүйретiп қыс келедi
  • Шынғыс Тоқановhas quoted3 years ago
    Сөзi ақылдасу емес – байлау. Атағаны – кесiп, пiшiп қойған әмiр менен бұйрық
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)