bookmate game
Ілияс Есенберлин

Көшпенділер. II кітап

  • Жансая Оразалиеваhas quoted4 years ago
    түс көрдім. Табытта жатыр екенмін. Басыма ілінген Үш жүздің жалауын үш тобыр жұрт жұлып әкеткелі тұр. Табытымның бір бүйірінде арыстан, екінші бүйірінде айдаһар отыр. Аяқ жағымда бір топ үрім-бұтағым. Уәлиден тараған бір ұрпағым маған құран оқып жатыр. Қасымымнан өрбіген бір тентегім қолына қанжарын ұстап мені қорғап түр. Ал мен өліп жатсам да, екі бүйірімде отырған арыстан мен айдаһарға кезек қарап, мыналардан қалай құтылам деп жанталасудамын. Осы түсімді жорып берші, Бұқар аға?

    Бұқар тұнжырап біраз отырды. Үй іші де тына қалды. Әлден уақытта барып жырау:

    — Түс жору — түлкі аулаумен тең, кейде ізіне дәл түсесің, кейде шет кетесің, сөйтсе де жорып көрейін...

    — Сөйлеңіз, көмекей әулие...

    — Қырыққа келмей табытта жатсаң — өмірің ұзақ болады екен. Басыңа жалау тігіліп, оған үш бірдей топ таласып жатса, үш жүзге хан болады екенсің. Бірақ хан атына ие болсаң да, халқыңа ие бола алмайды екенсің. Сен өлген күні үшеуі үш жаққа ыдырап кетеді екен. Табытта жатып, екі бүйіріңдегі арыстан мен айдаһардан қалай қашып құтылам деп қорықсаң, өле-өлгенше еліңнің екі бүйірінде тұрған екі мемлекетке жалтақтаумен өтеді екенсің... Ал аяқ жағында тұрған үрім-бұтағыңның ішінен бірі құран оқып, бірі қанжар қайраса, Уәлидің ұрпағынан шыққан бір тұқымың атын қағазда, ал Қасымнан туған бір балаң атағын майданда қалдырады екен.
  • Айжан Абдумуталиповаhas quoted5 years ago
    — Уа, халайық, — деді дауыстап. — Шаңырағың құлап жерге түсті, хан Абылай дүние салды!
  • Айбол Арманhas quoted8 years ago
    Оң жағындағы төсектен жас сұлудың өксігін баса алмай, булыға жылағаны естілді...
  • Балгын Балтабаеваhas quoted7 days ago
    Заманымыз дүрбелең болды деп, дөрекі іске жол беру күнә. Қиянатты істеу жеңіл, жою қиын.
  • Балгын Балтабаеваhas quoted8 days ago
    Сонда қаз дауысты Қазыбек:

    — Уа, Абылай, Үш жүзің үш аққан өзен еді, солардың табысқан жеріндегі сен бір бәйтерек едің. Бәйтеректі дауыл ұрмас па, жапырағы оның түспес пе, бұтағы оның сынбас па? Құдай ма едің тетігін ұстаған бұл жалғанның, бұның
  • Балгын Балтабаеваhas quoted8 days ago
    Алтын күн кім қуанар батқанына,

    Аққуды кім қуанар атқанына.

    Жанайың жау қолынан қаза тапты,

    Еліне енді жүргелі жатқанында, —

    деп, жоқ жерден он жеті жасар Жанайды жоңғардың бір қарақшысы өлтіріп кеткенін хабарлайды.
  • Балгын Балтабаеваhas quoted8 days ago
    Абылай өз шатырына келгеннен кейін, бағанағы қалмақ зеңбіректеріне жападан-жалғыз қарсы шауып, бүгінгі жеңіске жол салған қызды іздетті. Бұл Қабанбай батыр мен қазақтың батыр қызы Гауһардан туған жас Назым екен. Бүлдіршіндей жас қыздың осыншама ерлік көрсеткеніне риза болған Абылай, беліндегі сом алтыннан соғылған жаңа белбеуін шешіп берді.
  • Балгын Балтабаеваhas quoted8 days ago
    Барақ пен Әбілқайырдың өштесуіне себепкердің бірі болған да — осы Цеван-Доржи.
  • Балгын Балтабаеваhas quoted8 days ago
    балаң атағын майданда қалдырады екен.
  • Балгын Балтабаеваhas quoted8 days ago
    Қырыққа келмей табытта жатсаң — өмірің ұзақ болады екен. Басыңа жалау тігіліп, оған үш бірдей топ таласып жатса, үш жүзге хан болады екенсің. Бірақ хан атына ие болсаң да, халқыңа ие бола алмайды екенсің. Сен өлген күні үшеуі үш жаққа ыдырап кетеді екен. Табытта жатып, екі бүйіріңдегі арыстан мен айдаһардан қалай қашып құтылам деп қорықсаң, өле-өлгенше еліңнің екі бүйірінде тұрған екі мемлекетке жалтақтаумен өтеді екенсің... Ал аяқ жағында тұрған үрім-бұтағыңның ішінен бірі құран оқып, бірі қанжар қайраса, Уәлидің ұрпағынан шыққан бір тұқымың атын қағазда, ал Қасымнан туған бір
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)