kk
Батырлар жыры

Бабалар созі. Том 39

Notify me when the book’s added
To read this book, upload an EPUB or FB2 file to Bookmate. How do I upload a book?
This book is currently unavailable
306 printed pages
Have you already read it? How did you like it?
👍👎

Quotes

  • Адилжан Кызбалинhas quoted8 years ago
    Ерте заманда Баба Омар деген әулие бар екен. Он бесте әулиелік қылып кеткен екен. Сол уақытта бір қызға көзі тиген екен. Көзі тиген сол қыз буаз болған екен. Буаз болған соң, ұғыл тапты. Ол ұғылының атын Баба Түкті Шашты Әзіз қойды. Жиырма бес жасқа келгенде әулиелік қылып жөнелді. Ағұн дариясына барды. Дария жағасында алтын шашын алдына алып, тарап олтырған қызны көрді. Қызға жақын жеткеш, суға шомып кетті. “Мен мұндай Баба Түкті Шашты Әзіз болғаш! Мен де соңыңнан шомайын!” – деп, қыз артынан шомып кетті. Дарияның астында алпмыш ақ отау тұр. Отауға кіріп барды. Ай десе ауызы жоқ, күн десе көзі жоқ, бұлғарыдай бұлқыған балауса жұпар аңқыған, сондай ғажайып қыз тұрған. Қызды көрді де қайта қашты. Қыз етегінен тұтты: – Иә, жігіт, қайда барасың? – деді. – Мен саған сөйлеспеймін, сөйлессем, күнәкар боламын деп барамын. Қыз айтты: – Мен сендейді ізлегенмін. – Жоқ, мені жібер, – мен күнәкәрмын. – Егер мені алмай кетсең, он бестегі күнәм мойныңа сенің. Жігіт ақыл ойлады: “Мен сені алмай кетсем, күнәм жоқ болар деп едім, алмай кетсем, күнәм көп болады екен, алайын,” – деп ой қылды.
    Некелеп алды. Қыз айтты: – Менікі болдың ба? – Иә, болдым, жігіт! – деді. – Мен етігімні шешкенде аяғыма қарама, көйлегімді шешкенде қолтығыма қарама, – деді. – Шашымды жуғанда басыма қарама, – деді. Күндерде етігін шешеді, аяғы ешкінің аяғындай, оны жігіт көрді. Бір күн көйлегін шешті, қолтығынан өкпесі көрініп тұр. Жігіт тағы көрді. Қыз көргенін білді. Аспанға ұшып кетті. – Қайран кетқұдайым! – деп қайтып түсті. Тағы күндерде бір күн қыз шашын жуды. Бас терісін алдына алып тарап отыр. Жігіт тағы көрді. Қыз аспанға ұшып жөнелді. Әй, жігіт, –деді, – ішімде алты айлық балаң кетіп барады. Ніл дариясының басында, Құмкент шәhарының қасында балаңды тастап кетермін, өзің іздеп тауып ал, – деді.
    Иә, қыз кетті. Баба Түкті Шашты Әзіз баланы іздеп, Ніл дариясын қыдырды. Ніл дариясының басында, Құмкент шаhарының қасында жібек орамалға ораулы баласын тауып алды. “Елсіз, күнсіз туды” деп, атын Едіге қойды да, жауырынына таңды. Тоқтамыс ханның ауыр жұртына алып келді. Ноғайлының жұрты екен. Үш жасына кіргенде қолындан тұтып, молдаға берді. Шашты Әзіз ғайып болды, ұшып кетті, баласының бар парызынан құтылған соң. Ондан соң сегіз жасқаша оқуда тұрды, тоқсан бала бірлән. Сол балалар бірлән күрессе, бәрісін де жықты. Бәрісінің киімдерін алып бір жарға үйіп салды, киімдерінің үстіне шығып олтырып айтты: – Міне, Тоқтамыс ханның тағының үстіне отырдым, – деді. Емді киімдерін қайтарып берді.
    Бір күндер болғанда екі кісі келе жатыр еді. Едіге айтты балаларға: – Өздеріңіз сәлем бермеңіз, егер ол сәлем берсе алыңыз, егер „сәлем бермедіңіз” деп бізлерді сөксе, мен жауабын берейін, – деді. Екі кісі келді, балалар сәлем бермеді. Балалар неге сәлем бермедің? – деді. Едіге жауап берді: – Бастан неге сәлем бермедің? – деді. Едігеге айтты екі кісі: – Біз үлкен бе, жоқ сендер үлкен бе? Едіге айтты: – Біз – үлкен. Екі кісі айтты: –Сен нешік бізден үлкен боласың? – деді. – Егер мен тоқсан баланың жасын санап салсам, сонда бізлер үлкен болмаймыз ба? – деді. Екі кісі сөзден жығылды, hәм айтты: – Бағанағы
  • Адилжан Кызбалинhas quoted8 years ago
    Сол уақытта бір қызға көзі тиген екен. Көзі тиген сол қыз буаз болған екен. Буаз болған соң, ұғыл тапты. Ол ұғылының атын Баба Түкті Шашты Әзіз қойды. Жиырма бес жасқа келгенде әулиелік қылып жөнелді. Ағұн дариясына барды. Дария жағасында алтын шашын алдына алып, тарап олтырған қызны көрді. Қызға жақын жеткеш, суға шомып кетті. “Мен мұндай Баба Түкті Шашты Әзіз болғаш! Мен де соңыңнан шомайын!” – деп, қыз артынан шомып кетті. Дарияның астында алпмыш ақ отау тұр. Отауға кіріп барды. Ай десе ауызы жоқ, күн десе көзі жоқ, бұлғар
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)