Шамасы, ашаң жүзін ашусыз сынық көрсететін мөлтілдеген мойыл қара көзді, сұлу қыр мұрынды, ыстық ықылас сыйғыза алмастай тым қаймыжық жұқа да, сезімсіз дөрекі көнтек те емес, етті, ұлпа ерінді, жұмыр иек болса керек. Өлтіріп-өшіріп, күйдіріп-жандыратын шоғынан гөрі шуағы, естен тандырар сиқыр күлкісінен гөрі кісі қиып кете алмастай жұмсақ мұңы, нұры мол, ұялшақ, биязы, махаббатқа адал әйелдердің түр-түсі әдетте солай келеді деседі. Манағы көрген көк мұнарада бейнеленген махаббаттап әлгіндей әйелге тән махаббат. Адамзат жүрегіне баратын төте жолды әйел жүрегінен бастаған Сүлеймен пайғамбардың өзі сұлу-сұлудың қанша бір түрімен пейілдес бола тұра, адамды әлгіндей қаяусыз сезімімен жіпсіз матап алатын ибалы аруларды періште тұтқан көрінеді.
Осы әйелдің образы маған Virgina Woolf-tyn Angel in the house degen aiel obrazyn eske salady