«Қорғансыздың күні» (Мұхтар Әуезов) кітабынан алынған дәйексөздер

Erke Tolegen
Erke Tolegenдәйексөз қалдырды2 жыл бұрын
(Бұл адамның іші жақсы сезіміне жат болып кеткен бір күңгірт дүние сияқты. Өз басына келгені болмаса, бөтен кісінің басына келген ауыртпалық пәле болып көрінбейді. Оның тартқан қасіреті көңіліне қонбайды, сезіміне сіңбейді, тіпті ұғылмайды).
Дидар Ынтымакова
Дидар Ынтымаковадәйексөз қалдырды3 ай бұрын
Қалтай мырзасының не ойлайтынын білсе де, ерте күннен жалтаң болып өскендіктен, ашуланып қала ма деп қорғалақтап, жанын ауыртатын сөздерді мұндай күйде айтпайтын.
b0976564905
b0976564905дәйексөз қалдырды8 ай бұрын
Өтпес жарлық — бойға қорлық» екенін әлі күнге неге білмейсің? — деп, же
Anora Abdurakhmanova
Anora Abdurakhmanovaдәйексөз қалдырдыөткен ай
«Һас жаман қасындағысын қарақтайды»
Anora Abdurakhmanova
Anora Abdurakhmanovaдәйексөз қалдырдыөткен ай
«Тышқанның өлгені — мысықтың ойнағаны»
Anora Abdurakhmanova
Anora Abdurakhmanovaдәйексөз қалдырдыөткен ай
«Өтпес жарлық — бойға қорлық»
b6884366300
b6884366300дәйексөз қалдырдыөткен ай
(Бұл жігіттің жасы отыз шамасында. Орта бойлы, дөңгелек денелі, қысқалау мұртты, шоқша сақалды сұрғылт беті дөңгелек жалпақтау. Суық қарайтын қисық біткен кішілеу өткір кезінде және түксиген қабағында өзгеше қаталдық бар. Кішкене мұрны көз, қабағына үйлеспейді. Бұл адамның күлгендегі пішіні құмарлыққа көп салынғандығын білдіріп тұрады.

Бұл жігіт — Ақан мырза).
b6884366300
b6884366300дәйексөз қалдырдыөткен ай
қалың өртке қызған темірдей қып-қызыл
b6884366300
b6884366300дәйексөз қалдырдыөткен ай
Батырдың көп мұратына жете алмай, жас күнінде қуаты қайнап, долданып өлгендігінен моласы тұрған биіктің бауырынан боран, ызғар айықпайтын болған екен
b6884366300
b6884366300дәйексөз қалдырдыөткен ай
Бұл әңгімені айтушы адамдар Күшікбайдың кім екенін жұртқа танытқанда, өзінің сол батырдың ұрпағы екендігін көңіліне бірталай қанағат қылып, бойы көтеріліп, көңілі күңгірт өмірдің уайымынан бірталай сергіп қалушы еді (...).
elubaevagulsezim2002
elubaevagulsezim2002дәйексөз қалдырды2 ай бұрын
шықпасына болмайтын болған соң, шешесінің сөзіне зорға көніп, қонақтардың артынан бұ да шықты.

Ақан Ғазизаның үйінде отырғандағы ажарынан үміттенерлік ешнәрсе көрмеген соң, тысқа шыққанда Қалтайға сыбырлап жасырын бірталай сөз айтты. Қалтай басын изеп, сөзін мақұлдады. Ғазиза бұл оқиғаны көрген жоқ. Артынан біраздан соң Ақан қораның ішіндегі есіктің аузында қалып, Қалтай мен Ғазиза шам ұстап, пішен-қораның ішіне кірді. Пішен-қораның бұл жері қораның ішінен қатынасатын, жаңада желініп жүрген кішкене үңгір еді. Барлық кеңдігі бір-ақ кісі сыйғандай, төбесі аласа бір қуыс. Ғазиза шам ұстап ауызда тұрды. Қалтай пішен-қораның ішіне кірісімен шөпке қарамай, үлкен жұмысы ол емес, басқа нәрсе екенін сездіріп, өңі өзгеріп, өтірік күліп қуланып, әдепсіз мінезге түсіп, ойындағы дайындап алған сөздерін сөйлей бастады. Ғазизаның .алдында сескенген ойы Қалтайдың не айтпағын сезіп, қатты ашуланып, бір жағынан, намыстанғандай болып, сөзінің аяғын бітіртпестен:

— Сенің ойыңдағы сұмдығыңды білм
elubaevagulsezim2002
elubaevagulsezim2002дәйексөз қалдырды2 ай бұрын
Бұл әңгімені айтушы адамдар Күшікбайдың кім екенін жұртқа танытқ
Загира Жумаханова
Загира Жумахановадәйексөз қалдырды3 ай бұрын
Не бауыры, не сыртында ықтыртын жоқ ысқаяқ.
b6924596168
b6924596168дәйексөз қалдырды6 ай бұрын
(Бұл адамның іші жақсы сезіміне жат болып кеткен бір күңгірт дүние сияқты. Өз басына келгені болмаса, бөтен кісінің басына келген ауыртпалық пәле болып көрінбейді. Оның тартқан қасіреті көңіліне қонбайды, сезіміне сіңбейді, тіпті ұғылмайды).
Алина Амиржан
Алина Амиржандәйексөз қалдырды7 ай бұрын
мысықтың ойнағаны» деп, ендігісі — қалған көзімнің қарашығы — жалғыз Ғазизамды жылатпақ.
gulnazhafizova3
gulnazhafizova3дәйексөз қалдырды7 ай бұрын
қонақтар келген жердегі таңданған пішінмен ақырын: «Білмеймін, танымаймын!»— деді. Қонақтар киімдерінің қалған қарын қағып, төрге шығып отырған соң, асжаулық әкелгізді. Ақан құран оқыды. Артынан Ақан да, Қалтай да үй ішімен амандасып, кемпірге қарап:

— Құдай ісі сыпайышылық, ақырының қайырын берсін!— деп, жайлап көңіл айтты.

(Үй іші қонақтар алғашқы келгенде таңданса да, артынан пішіндерін, қалыптарын көрген соң, жетімдік халдеріне мүмкін болған дәрежеде көңілденіңкіреп, жадырап, шамаларынша серги бастады. Еркектері өлгеннен бері қалған әйелдердің уайымынан босаған шағы осы
gulnazhafizova3
gulnazhafizova3дәйексөз қалдырды7 ай бұрын
қиғыларын сыртына шығарып сөйлескенде, бұрынғы өткен күндерін сағынушы еді. Кемпір оны да еске түсіріп: ол күн де бір дәурен екен ғой, Жақып тірі тұрғанда кімнен кем, кімнен қор едім?!—деп, аһ ұрып алып: ендігіні айтсаңшы, тістегеннің аузында, ұстағанның қолында кетіп отырған деп,— үнсіз жылайтын.

Күндегі әдетпен белгілі уайымның соңында бишара әйелдер отырғанда, ауыз үйдің есігі ашылды. Үшеуі бірдей: «бұ кім?—десіп есікке қарағанда, бұлар отырған үйдің де есігі ашылып, үйге түлкі тымақ, жақсы киімдер киген екі қонақ кіріп келді.

Ғазизаның соқыр шешесі Ғазизаны түртіп, қонақтың кім екенін сұрады. Ғазиза
gulnazhafizova3
gulnazhafizova3дәйексөз қалдырды7 ай бұрын
Иесінің дүниеге келгенін сездіретін ақырғы белгісі — томпиған бейіт аз уақытта жоғалмақ, із бітпек
gulnazhafizova3
gulnazhafizova3дәйексөз қалдырды7 ай бұрын
Күшікбайдың басынан соққан боран жаңадан шыққан бейітті қармен көміп, қараушының көзінен тез жасырудың қарекетін істеп жатыр
gulnazhafizova3
gulnazhafizova3дәйексөз қалдырды7 ай бұрын
Қорадан жарты шақырымдай жерде басы қара қожалақ болған кішкене төбешіктің үстінде томпайып жатқан бір үлкен кісінің, бір баланың бейіті бар
fb2epub
Файлдарды осы жерге салыңыз, бір әрекетте 5 кітаптан асыруға болмайды