bookmate game
kk
dsyzdykov

Unknown

Notify me when the book’s added
To read this book, upload an EPUB or FB2 file to Bookmate. How do I upload a book?
  • Aykawayhas quoted4 years ago
    Мен ҰЯТ дегенді – ұлы күш деп санаймын. Адамшылдықтың, адалдықтың, уәдешіліктің, тұрақтылықтың, тазалықтың түп қазығы ұят деп білемін. Ұяты жоқтан үміт күтпеймін. Ұрықары, қарақшы, қаныпезерлер ұяты жоқтан шығады. ҰЯТ ЕҢ ҚЫМБАТ ҚАСИЕТ! Ұяттыға иман ұялайды, ұятсызды қылмыс қуалайды.
  • b0877945013has quotedlast year
    Өзіңді қарапайым көптің бірі ғанамын деп есепте. Кемшілігіңді өзің айт, жақсылығыңды жұрт айтсын. Жұрт мақтады екен деп және мардымсып кетпе, жарай ма? " деп отыратын еді оңашада. Бір сөзбен айтқанда Халима менің өз өмірімнің аспанында жарқыраған жарық күнім болды. Менің Күнім!
  • b2726525786has quoted2 years ago
    Қыз бен жігіт те сол екі алтын балапан сияқты. Олар да бірінен бірі аулақта өсіп, ақыл толтырады. Бой түзеп, ер жетеді. Көрік, келбетін, тәртіп, тәрбиесін жұрт мақтап, көптің аузына ілінеді. Олардың жүрегі жақсы сыңар іздейді. Өстіп жүрген екі жас кездейсоқта кездесіп, ойда жоқта танысып, табысады. Қос жүрек жымдасып, бүкіл дене бір бітімге айналады. Содан кейін қол ұстасып, өмірдің белгісіз бел-белестерін бетке алып, ілгері ұмтылады. Бірінен-бірі бір елі ажыраспай, тағдыр айырғанша тату-тәтті тамаша өмір сүреді. Мәңгілік махаббат деп осыны айтатын болармыз
  • b2726525786has quoted2 years ago
    Менің ойымша, махаббат үш түрлі болады.

    1. Бала махаббат.

    2. Шала махаббат.

    3. Мәңгілік махаббат.

    Бала махаббат әркімнің басында болады. Бала күнінде бірін-бірі жақсы көрген қыз бен жігіт артынан ғашығынан көз жазып қалады. Балалық махаббатты мен де басымнан кешіргенмін.
  • Aykawayhas quoted4 years ago
    1. Махаббат үш түрлі болады:

    а) Бала махаббат. ә) Шала махаббат

    б) Мәңгілік махаббат.

    2. Адал жар — асыл қазына.

    3. Әйел — бақыт. Бала — байлық.

    4. КҮН — жер анасы. ӘЙЕЛ — Ел анасы.

    5. Әлемнің нұры — КҮН. Адамзат КҮНІ — Әйел.

    6. Алтын тозбайды. Адал жар азбайды.

    7. Адал дос — дәулетің. Асыл жар — сәулетің.

    8. Жақсы бала — малың. Жақсы жар — жаның.

    9. Жақсы жарға — жан пида!

    10. Әйелдің ләззаты — әлемнің рақаты.

    11. Әйелдің назы — жүректің жазы, сананың сазы!

    12. Әйелің өлді — Шырағың сөнді. Қара түн төнді — Қу жаның көнді!

    13. Әйелден қымбат қазына жоқ!
  • Aykawayhas quoted4 years ago
    — Кәрілік адамды — аяқтан, белден, беттен, көзден, құлақтан алады екен. Аяқ әлсіреп, бел майысып, бет быжырайып, көз көмескіленіп, құлақ тосаң тартады екен.

    Кәріліктің бұл белгісін бастан кешіру де бақыт екен!

    "Сонда, кәрінің қартаймайтын ештеңесі жоқ па?" деп ойлайсыңдар ғой. Жоқ емес, бар екен. Ол — қартаймайтын мықты көңіл екен. Кәрі болсаң да сүйгің, сүйсінгің, сүйкенгің келеді. Тым болмаса, бір сипасам екен дейсің!
  • Aykawayhas quoted4 years ago
    — Сезім — асау ат, сана аттың басына кигізілетін жүген. Ноқтасыз асау ат алып қашып, сені бір жерге жығып, мерт етіп кетуі мүмкін. Ал жүген асауды ауыздықтап, оның беталды лағып, шаба беруіне ырық бермей, дұрыс жолмен жүруіне көмектеседі. Сондықтан бір бәлеге ұрынбайын, оқыс халге ұшырамайын десең сезімді санаға билету керек.

    Сананы сезімге бағындырудың нәтижесі: туа сала тұншықтырылып, жөргекке орап, жолда қалдырылып жатқан сәбилер. Сәбилер үйінде тәрбиеленіп жатқан, шетелдерге сатылып, жөнелтіп жатқан балалар.

    Өз сәбиін туа сала тұншықтыру — ең үлкен қылмыс. Ұлы Отан соғысы кезінде фашистер бізді, біз оларды өлтіріп жаттық.

    Өйткені біз бір-бірімізге жау едік. Мен өзім тура көздеуде зеңбірегімнен атып, жаудың бір үлкен танксін жайраттым. Ол танк өртене бастағанда, ішіндегі экипажы сыртқа қарай секірді. Оларды алғы шепте жатқан жауынгерлер жайпады. Ал жабық позициядан атқан менің зеңбіректерімнің снаряттары талай ДОТ-тың үнін өшіріп, жаудың талай пулеметін көкке ұшырды. Біз оларды өлтірмесек, олар бізді өлтіретін еді.

    Ал жаңа туған жас сәбидің не жазығы бар? Шаранасы кеппеген, соншалық бейкүнә, қорғансыз, көзін де ашып, дүниеге қарап үлгермеген, тілі де, аяғы да шықпаған сәбиді, өз қанынан жаралып, өз ішінен шыққан сәбиді өз қолымен өлтірген кісіні қыз болсын, кім болса ол болсын, барып тұрған жауыз, жендет деп бағалау керек!

    Ол ешкімге адал жар болып та жарытпайды.

    Мұның бәрі сезім мен сана туралы сөзден шығып кетіп жатыр ғой. Әсіресе, қыздар сезімін шынжырлап ұстауы керек. Шынжырлап! Сонда құмарпаз жігіттер ештеңе істей алмайды. Ештеңе!

    Сонда жетім бала тумайды, сорлы сәбилер көбеймейді.

    Сонда адамдық арға ешқандай қылау түспейді.

    Сезімді санаға бағындырудың бір керегі осы!
  • Aykawayhas quoted4 years ago
    Сексті махаббат деп түсінетіндер көп.

    Махаббат — секс емес.

    Махаббат жан жарастығы. Ақыл, ой, сезім, сенім бірлігі. Осы төртеуінің тұтастығы!

    Қысқасы: Махаббат жұрттың бәрінде бола бермейді.
  • Aykawayhas quoted4 years ago
    Пәктік мәселесіне қалай қарайсыз? Кейбіреулер пәктігінен айырылған қыздарды кінәламайды. Маған пәктіктің керегі жоқ дейді ғой. Сіздің ойыңыз ?

    — Пәктік керек. Пәк қосылған жұп берік, бір-біріне өмір бойы адал болады. Ал пәктігі жоқ қыз бен жігіт қосылғанымен: бөтен еркек пен әйелдің дәмін татып алған олар бөтенге бой ұра береді.

    Қазақта "дәніккен ит мамағын жалайды" деген дөкірлеу және мәдениетсіздеу мақал бар. Неге ол мамағын жалайды? Қаншыққа қосылып дәніккен төбет тағы бір қаншыққа қосылуға құмартып, мамағын жалайды.

    Жүргіш еркектер сол "мамағын жалайтын" итке ұқсайды. Басқа әйелге аңсары ауып тұрады. Содан отбасы бұзылып, адалдық адыра қалады. махаббат мәнсіздікке айналады.

    Өз басым қыз бен жігіт пәк күйінде қосылса ғана екеуінің арасында мәңгілік махаббат болады деп ойлаймын. Сондықтан да мен "Махаббат, қызық мол жылдарда" қанша жақсы қыз болса да, пәктігінен айырылып қалғандықтан, Меңтайды "өлтіріп" тастауыма тура келді.

    Бұл мәселені басқаша ойлап, өзгеше пайымдайтындар болар. Мен олармен таласпаймын. Өмірден түйген өз ойымды ғана айтып тұрмын. Ғафу өтінемін.
  • Aykawayhas quoted4 years ago
    Қар табиғаттың адамға берген ұлы сыйлықтарының бірі. Қарға қуаныңдар, балалар! Оны уыстаңдар, иіскендер, бір-біріне шашу етіп шашып, қуана күліп, қызықтаңдар. Бұл — кейін қартайғанда, қолың жетпей қалатын қызық, жастыққа ғана арналған табиғат ләззаты.

    Аппақ қардай ақ махаббат болсын!

    Аппақ қардай адалдық болсын!

    Аппақ қардай таза пейіл, пиғыл, мейір болсын!
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)