Тегін

Оралхан Бокей. Кулыным менін

    Нурай Сапарбековадәйексөз қалдырды2 жыл бұрын
    Біздер, көзі бар соқырлармыз.
    Korkem Ualiдәйексөз қалдырды10 ай бұрын
    орнында секілді — мұңсыз-қамсыз тірлік. Ал, іштей үңілсең... (терең күрсініп) іштей үңілсең, өлгің келеді, бірақ асфальтта өлу де қиын. Шынында да, адамның кейде мұңлы музыка ойнағанда, кейде өз-өзімен оңаша қалып, салқын да ымырт кеште ес-тұссыз есеңгіреп жатқан қалаға, немесе жөн-жосықсыз ағылған адам-ағысқа қарап тұрып басың айналып, жүздеген, мыңдаған машинаның дүрілі шекеңді қысып, миыңды солқылдатқанда арманшыл да адал, жазықсыз да жалғыз өлім сапарына аттанғың келеді.

    Жан. Өмірдің қадірін түсіну үшін өлімді де ойла деген...

    Анар (сөзін бөліп). Жо-жоқ! Менің айтайын деп отырғаным ондай аргумент емес. Менің айтпағым, (тары да шылым тұтатады) ты никогда не хотел умереть. Да умереть, чтобы больше не встать. Знаю, что ты боишься от смерти. Мир для тебя прекрасен, полон таинств, чудес и неизведанного. Шынымды айтсам, мен соғыста, не бейбіт күнде біреудің кескілесуімен емес, өз еркіммен рақаттанып өлгім келеді. Ертеңімді ойласам, қорқамын, маған — ертең жоқ секілді. Сондықтан да, еш нәрсеге қанағаттанбаймын. Я постоянно, ежеминутно в полосе пессимизма, меланхолии... Мен өмірді басқалардан гөрі бұрынырақ таныдым. Сондықтан да, он сегіз жаста жиырма сегіз жастағы әйелдің білгенін біліп, көргенін бастан кешіп үлгердім, сондықтан да ештеңе қызықтырып, еліктірмейді, таң қалдырмайды. Иә, мен ерте есейдім, ерте есейткен өмір. Мен қазір он сегізде емес, отыз сегізде секілдімін. (Жылайды.) Бұл әлемде мен пір
    Korkem Ualiдәйексөз қалдырды10 ай бұрын
    Анap. Махаббатты қайтесің, мына маған үйленсең мұртыңды балта шаппайды. Бірақ, мен саған тию үшін әлі де көп ойланамын, әлі де сайран салып қалуым керек. Мен саған мынандай шартпен тұрмысқа шығар едім: бір-бірімізді аңдымаймыз, бір-бірімізге қожандамай, өз білгенімізше емін-еркін махаббат бостандығымен ғұмыр кешер едік. Мен балалы болмас едім. Өйткені, мен сол баланың сен құсап панасыз, жетім қалып, детдомда стандартты тәрбие алып өскенін қаламаймын. Өйткені, менің балаларым (Толқып)... өйткені менің балаларым сутегі, атом, нейтрон бомбаларының құрбаны бола ма деп қорқамын. Үшінші дүниежүзілік соғыс — тіршіліктің ақыры.

    Жан (орнынан ұшып тұрып, Анардың жағынан салып жібереді). «Іріген ауыздан шіріген сөз шығады» деген осы!

    Анар (Жанның шапалағы ешқандай әсер етпегендей салқын, салмақты қалпын өзгертпестен). Отыр, шошаңдамай, есің бар болса, отырып тыңда. Құдайым-ай, ертең сенен қандай қызметкер шығады екен. Әлгіндегі месқарын секілді балконда жүгіріп, қоқысыңды төгіп, итіңді шомылдырып, тырбанып жүрер ме екенсің... (Жанның қолынан тартып, қасына отырғызады.) Отыр, сен сабады деп мен ренжімеймін. Мәселе былай, Жан, басқа басқа, сен мені түсінуге тиістісің. Ойлашы өзің, адам дегенің тек қана болымсыз соқыр үміттің жетегінде тентіреп өмір сүрмей ме? Біздер, көзі бар соқырлармыз. Сырттай қарасаң бәрі тамаша, бәрі де
    Korkem Ualiдәйексөз қалдырды10 ай бұрын
    үнсіз отыратын. Әжем менің, неге ғана ерте өлдің, сенімен бірге немереңнің де өлгенін білемісің? (есін тез жиып, Жанға жалт қарайды.) Сен кешір мені, бәрін өтірік айтып отырмын. Өз рөлімді басқаша ойнағым келді. Ондай сезім жоқ қой менде... жоқ...

    Екеуі теріс қараған күйі тағы да үнсіз отырады. Күн шыққаны білінеді. Қала ұйқысынан ояна бастаған. Екеуі темекі тартады

    Жан. Мен сені жек көремін, Анар, бірақ қыз атаулыны ойласам, көз алдыма ең бірінші сен келесін, сен елестейсің.

    Анар (күліп). «Ғашық болу дегеніміз — сүйгендік емec, жек көре отырып та ғашық болуға болады»,—деген сөзді оқымағансың ғой, данышпаным. Ендеше, есіңде болсын, көгершінім, бұл заманда ешкім шын жақсы көре алмайды. Ал, қыз қысып сүйгенше ғана деген ұғым бар.

    Жан (шошынып). Махаббат ше... Махаббат!

    Анар (басын, маңдайын ұстап ойлана сөйлейді). А любви нет. Нет ее в наше время. А есть увлечения, увлечения, которые дураки, как ты принимает за любовь... (Пауза.) Баяғыда біздің ата-бабамыздың бірінің жүзін бірі көрмей үйленіп, өле-өлгенше ишәй деспей отасқан. Ал, қазір бес-он жыл «дружить» етеміз, бес-он ай бір тұра алмаймыз.

    Жан. Меніңше, махаббат болған, бола береді де.
    Korkem Ualiдәйексөз қалдырды10 ай бұрын
    Анар. Мәңгілік. Жер. Табиғат — дегеннен шығады-ау. Әлі есімде. Он жасымда болар, әжем қайтыс болатын жылы мені ертіп алып «Ботаника бағына» барып еді. Сонда мен мүлдем басқа әлемге саяхат шегіп, мүлдем басқа ертекті дүниеге енгендей болғанмын. Сондағы шөптің иісі, сондағы самал желмен тербелген жапырақ, сондағы тұп-тұнық аспан — тұнығы шайқалмаған көңілдей еді. Сонда мен сол бір хош иістің әжемнің бойынан аңқыған иістен еш айырмашылығы жоғын білгенмін. Қазақстанның барлық жерін өн бойына сыйдырған «Ботаника бағы» әжемнің туған жер, өскен жерін сағынғанда барып қайтар жұмағы екен-ау. Кейін әжемнен айрылып, есейген шағымда талай рет барып жүрдім, бірақ бәрі баяғыдай емес еді... Өйткені, әжем жоқ-ты жанымда. Әжем мені кейде әдемі әуенмен тербеп, алдына алып отырып ұйықтататын. Бір қызығы, «Ботаника бағында» басқаларға ұқсамайтын ақ қайың бар болатын. Сол қайынның жұп-жұқа үлбіреген қабығы сыдырылып, жел тербеген сайын бебеу қағып қалтырайтын, қалтырап тұрып сыңсып ән айтатын. Мен сол бір әжемнің әні секілді әдемі әуенді жалықпай тыңдап тұра берер едім. Ал, әжем көк шөпке көсіле жайғасып, ұзақ
    Simbaдәйексөз қалдырды2 жыл бұрын
    Аспан шайдай ашық. Күн нұры биік-биік шыңдардың басын қызыл алауға бөлеген.
    Simbaдәйексөз қалдырды2 жыл бұрын
    Ауыз өзімдікі деп балпылдай берме.
    Simbaдәйексөз қалдырды2 жыл бұрын
    Әрине, дүние жүзін аралаған жақсы, бірақ сол ағайындар туған жер, өскен еліне соңғы он, жиырма жылда бір рет барып көрді ме екен? Өз жерінің бақытын сезінбей тұрып, өзге елдің қадірін қалай түсінсін?
    Simbaдәйексөз қалдырды2 жыл бұрын
    Егер мен сені сырттай сынағаныммен, іштей жақсы көрсем, оның себебі — сенің ақылыңнан әлі де азбағаның, тек өн мен түстің, жақсы мен жаманның екі ортасында өзіңнен өзің қорқып, іштей күресіп жүрген бейкүнә да бейшара халің.
    Simbaдәйексөз қалдырды2 жыл бұрын
    Екі елі ауызға төрт елі қақпақ керек
    Simbaдәйексөз қалдырды2 жыл бұрын
    Бір-біріңді оққа байлап берер едің, бір-біріңді отқа қақтап жер едің.
    Simbaдәйексөз қалдырды2 жыл бұрын
    Сатыр-сұтыр қол соғылады
    Janserik Sengirbaevдәйексөз қалдырды2 жыл бұрын
    Мәншүк. Жастық — ақыл айтуға емес, ақыл тыңдайтын шақ. Біздің ерлігіміз еріккеннен жасалған жоқ, сондықтан батыр атану үшін атысып-шабыстың қажеті жоқ. Әркім өз ісінің батыры атанса, бұдан асқан ерлік бар ма? Қыздар үшін ең сұмдық нәрсе — жар құшағын көре алмай қыршын кету дер едім. Одан басқа өкінішім жоқ, қайтейін, бәріне де соғыс кінәлі. Ер екендеріңді білейін, қыз деген қызғалдақты мезгілсіз үзбеңдерші!
    Janserik Sengirbaevдәйексөз қалдырды2 жыл бұрын
    Қазіргі интеллигенттердің бір шамасын ипподромдағы аттарға теңер едім. Өлшеп қойған кругты айнала шауып келеді де, жемін жеп, уақытында суын ішіп, үсті-басын таза ұстап бүлк-бүлк желгеніне мәз. Адам дегенің бір жерді айналып, шиырлай беретін ипподромдағы үйретілген ат емес. Адамдық ардақты ат •— тек алға жүргенде ғана, тек ұзаққа шапқанда, тұяқ тоздырып, арқасын алдырмағанда ғана ақталмақ. Демек, бүгінгі жастың бойынан қазақы жылқының асау мінезін көргім келеді. Сен де осындай ипподром-тіршілікті қызықтап кетпес үшін әдейі айтып тұрмын, ұлым.
    Janserik Sengirbaevдәйексөз қалдырды2 жыл бұрын
    Анaр (Жанның сөзін бөліп). Артық ақыл — артық ішкен арақ секілді басыңды айналдырады, буыныңды алады. Тіпті, жүрегіңді айнытып, құстырады. Менің ондай пәлеге душар болғым келмейді.
    Нурай Сапарбековадәйексөз қалдырды2 жыл бұрын
    Тек өмір сүруден қорқатын адамдар ғана ертеңіне күмәнмен қарайды.
    Нурай Сапарбековадәйексөз қалдырды2 жыл бұрын
    Арман, мақсат, махаббат деп кеңірдек жыртып айғайлайсыңдар, ал өздерің осындай қасиетті ұғымдар үшін күресе білмейсіңдер.
    Нурай Сапарбековадәйексөз қалдырды2 жыл бұрын
    бүгінгі өмір тамаша, ертеңгі болашақ одан да қызық.
    Нурай Сапарбековадәйексөз қалдырды2 жыл бұрын
    Болашақ — сенікі, ендеше тізгініңе бекем бол.
    Нурай Сапарбековадәйексөз қалдырды2 жыл бұрын
    Өмірдің қадірін түсіну үшін өлімді де ойла
fb2epub
Файлдарды осы жерге салыңыз, бір әрекетте 5 кітаптан асыруға болмайды