Жапал.
Шек-шек, шек-шек, шегенек!
Мал ішінде көбелек.
Тасты көрсең телмеңдеп!
Жүгіресің жебелеп!
Тынымы жоқ, тыныштық жоқ
Құртты құйрық кебенек!
(Құшырланып қайырады)
Шек-шек, шек-шек, шегенек!
Қош-қош, қош-қош, қошақан.
Майлы құйрық момақан.
Бөрі көрсе бор кемік.
Бар буыны босаған
Тауда тарлау, ойда өлең
Тапса бойы жасаған
Қош-қош, қош-қош, қошақан!
(Биік тас басына шығады. Айналаға көз салып.)
Шыңғыс! Қара қойтас қан