kk
Free
Мұқағали Мақатаев

Аудармалар

  • Жансая Елемесоваhas quoted8 years ago
    н жан-тәнімен сүйіп еткен, жырлап өткен. Өзінің қарапайым отандастарын ақиқат пен адамгершілікке, адал демократияға үндеген. Ар
  • Амантай Кутманалиевhas quoted4 years ago
    НИКОЛАЙ ТИХОНОВ
    МАРОК АРОНСОНҒА
    Альпинист еді, төсекте өліп барады,
    Есін бір жиса, елестеп таулар қалады.
    Неліктен оны тастады доптай ұшырған
    Жыға алмай қойды Хан Тәңірдің бораны.
    Өлім мен өмір жатқан бір сәтте қағысып,
    Жететін бе еді дертінің бозғыл шаңы ұшып.
    Көшкін боп келіп өмірге деген ынтық құс
    Жететін бе еді алдына оның тағы ұшып.
    Кешіргін мені, ажалды айттым қаусаған,
    Жан едің жайсаң жауқазын өмірді аңсаған!
    Қарсы алып тауды, қатыгез таңды сүюші ең,
    Тоныңды жапқан тозаңдай еді қар саған.
    Қияны кезіп, адымдап мен де басқанда,
    Жалтырап жатты қар ма әлде құж-құж тастар ма?
    Шетсіз де шексіз көсіліп жатқан бір тыныш
  • Жансая Елемесоваhas quoted8 years ago
    АУДАРМАЛАРЫ
    УОЛТ УИТМЕН
    "Уитмен — классик. Алайда аспандағы күнді де аңғармайтындай, оның классик екенін байқағысы келмейтін жалғыз ел Америка болуы ғажайып-ақ", — депті Бернард Шоу.
    Иә, Америка — Уитменнің отаны. Ол — Американың ақыны. Өз отанын жан-тәнімен сүйіп еткен, жырлап өткен. Өзінің қарапайым отандастарын ақиқат пен адамгершілікке, адал демократияға үндеген. Арларын ақша мен капиталға құл еткен билеуші қауымға өзінің ғаламат талантын қарсы қойған-ды.
    Міне, сонысы үшін де, Американың билеуші топтары Уитменді өз халқынан қалайда алыстатып баққан. Бүкіл бір елдің болмыс-тірлігін жеріне жеткізе жырлаған ақынды әзіргі Американың милитаристері де біржола үнін өшіріп тастауға тырысулары да сондықтан.
    Алайда Уитмен бар. Ол өзінің өлмес күресін әлі жалғастыруда. Идеялық үлкен қақтығыстар Уитмен төңірегіне келіп тоқайласа беретіндігі тегін емес.
    Достық, тыныштық, шынайы шын демократия — Уитмен поэзиясының арқауы осылар, оның нағыз материалист екендігіне ешкім де дау айтпасқа керек.
    Уитмен 1819-жылы Американың шағын бір ауылында, фермердің отбасында дүниеге келген. Тіпті, орташа да білім алып үлгірмей, өмір қосын ерте тартқан. Ұлы дарын ұлы өмір кешіп, қалайда бар талантын халқына беріп кету жолында істемеген кәсібі де қалмаған, ұзақ жылдар паралич соғып, төсек тартып жатқанның өзінде де қаламын-қаруын тастамаған. Әлемде болып жатқан саяси күрестен бір сәт те бимағлұм қалмай, прогреске, революцияға өз үнін қосқан шынайы интернационалист. Ол 1892-жылы дүние салды.
    1969-жылы оны құрметтейтін қауым 150 жылдығын атап өтті.
    М. Мақатаев.
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)