bookmate game
kk
Free

Оралхан Бокей. Бес тиын

  • Асель Гайненоваhas quoted6 years ago
    «Біреуді біреудің жеңгенінен жек көретін нәрсем жоқ»
  • Молдир Шапагатоваhas quoted8 years ago
    Мен ол кісіні жыл сайын көремін. Өзгермеген. Баяғы, бала кезімде «хат бар ма, аға» деп, күн-күн сайын жылтыңдап барып тұратын кездегі қалпы десем, сәл жалғандау болар. Жылдар дегеніміз — киімге түскен қара күйе секілді ғой, адамның да жасын кеміктеп, жанын білдірмей тоздыра бастайтыны рас-ты. Ауылымыздың жиырма бес жылдан бергі почта бастығы Зәкең де қартайыңқырап, бала-шағасын өсіру әуресімен қажыңқырап жүр екен. Табиғатынан салмақты, көпіртіп көп сөйлемейтін, ал анда-санда «ұрттап» алса, ауыздыға сөз, аяқтыға жол бермейтін; көп күлмейтін, зәуімен бір күлсе, ішек-сілесі қатып жас балаша мәз болатын; кім-кімдерге тас кескір сараң, кім-кімдерге жалғыз дәнді жарып берер жомарт; кеңсесінде отырған кезде, алдына келсе тістеп, артынан келсе тебетін кезеп; ғұмыр жалғанда қара бақырдан қате жібермейтін сауысқаннан сақ, үй шаруасының қиюын қашырып алар олақ — міне, солай да солай біздің Зәкең.
    Осы кісінің кішкентай кезінен ғадет қылып, көлеңкедей еріп қалмай келе жатқан кәсібі дейміз бе, жоқ болмаса сүйекке сіңді әдеті дейміз бе — ермегі бар еді. Жұмыстан қолы қалт етіп босаса, құрығы мен қармағын қолтығына қысып өзен жағалап кететін де, әбден көз байланып, қараңғы түскенде, тал шыбыққа желбезегінен тізген балықтардың құйрығын жер сыздыра қараңдап келе жатар еді. Бала кезімізде Зәкеңнің соңынан талай ердік. Өйткені суға салған қармағы құр шықпайтын, балығы тайдай тулаған иірім, айлақтарды тек қана сол кісі білетін. Ердік дегенім жай әншейін сөз, расын айтсам, ол біздерді ертпейтін де, жақындасақ қуалап, немесе тал-теректің ара-арасымен қаша, ізін жасырып кететін. Зәкеңнің бұл қызғаншақтығы — балықшы, аңшы атаулының бәріне тән өзімшілдік екенін ол шақта білдік пе. Көп ретте тас лақтырып, балықты үркітіп ит-жынына тиюші едік-ау...
    Бір күні Зәкең біздерге өмірбаянын айтып берді. Аяқ астынан жел соғып, арты сілбілеген жаңбырға айналып кеткен соң, кәрі қайыңның түбін паналап отырғанбыз. Зәкең әрең дегенде от жақты. Жапырақтардың ара-арасынан қуалап, сорғыған нөсер тамшылары қайта-қайта отты өшіріп тастай берген соң, үстіндегі қаудырлақ сулығын ошақтың үстіне керіп, шатыр жасады. Сол күні ағынан ақтарылған көл-көсір көңіл, қамқор пейілін айтсаңызшы... Біз, лапылдап жанған отты қаумалай отырған үш-төрт бала, Зәкеңнің жауынды күні оқыстан ашылған аялы алақанына әрі таңдандық, әрі аң-таң қалдық. Түстен бері ұстаған балықтарын қылдай етіп бөліп берді де: «Кәне, әркім өзі пісіріп жесін»,— деді. Қарнын жарып, істік ағашқа шанышқан балықты шоқтың қызуына қақтай бастадық.
  • b6976114795has quoted2 years ago
    түске дейін мүйіз, түстен кейін киіз, аумалы-төкпелі мінезін
  • b6976114795has quoted2 years ago
    Бұл дүниеде адам жанының қалтарысын түгел білемін дейтін көріпкел тумаған шығар
  • b5107037560has quoted2 years ago
    «Біреуді біреудің жеңгенінен жек көретін нәрсем жоқ» дейтіні де сондықтан шығар.
  • b7956540890has quoted2 years ago
    Біреуді біреудің жеңгенінен жек көретін нәрсем жоқ»
  • Janserik Sengirbaevhas quoted4 years ago
    Мен үшін құнсыз еш нәрсе жоқ. Жиырма бес жылдан бері тұңғыш рет бес тиын қате жібердім. Ертең ауылдастарымның, бала-шағамның бетіне қалай қараймын... Пәленің барлығы осы бес тиыннан басталмай ма... Атаңа нәлет-ай, қайда жібердім, неғып қара басты мені...
  • Назгүл Ерікқызы🌅has quoted4 years ago
    Біреуді біреудің жеңгенінен жек көретін нәрсем жоқ»
  • Самат Насынбайhas quoted4 years ago
    түске дейін мүйіз, түстен кейін киіз,
  • Нурхан Кенжегозинhas quoted5 years ago
    Мен ол кісіні жыл сайын көремін. Өзгермеген. Баяғы, бала кезімде «хат бар ма, аға» деп, күн-күн сайын жылтыңдап барып тұратын кездегі қалпы десем, сәл жалғандау болар. Жылдар дегеніміз — киімге түскен қара күйе секілді ғой, адамның да жасын кеміктеп, жанын білдірмей тоздыра бастайтыны рас-ты.
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)