Сәбит Мұқанов

Ботагөз

    Ауыл Тұрғыныдәйексөз қалдырды6 жыл бұрын
    желкесінде найзадай шаншылып Оқжетпес тұр екен. Күзді күні қайыңның жапырағы сарғаяды, теректікі қызарады, жасыл түсін өзгертпейтін қарағай ғана. Оқжетпестің жиған жүктей текшеленген сұңғақ денесінің омырауына шейін осы үш түрлі ағаш араласа өскен. Солардың түрлі түспен құлпыруы Ботагөздің көңілін көлден тауға аударды. Оқжетпестің найза денесі Ботагөзге түрлі түсті жібек лента араластыра өрген қыздың тұлымына ұқсап
    Ainur MZHдәйексөз қалдырды2 жыл бұрын
    «Биік мансап, биік жартасқа шарықтап ұшып қыран да шығады, жорғалап жүріп жылан да шығады», дейді Абай.
    Диас Аскербековдәйексөз қалдырды3 жыл бұрын
    Айналасын тамашалаған Асқардың ойына Абайдың көктемді суреттеген өлеңі түсіп, арбаның үстінде ыңырсып сол өлеңмен ән айтайын деп еді, аспанға шырқап шығып алып, қанаттарын жыбырлата қағып жырлаған боз торғайлар көңілін бөліп жіберді.
    Мария Малиевадәйексөз қалдырды4 жыл бұрын
    сыпайы сырын жасырмас»
    Еркежан Молдахандәйексөз қалдырды10 ай бұрын
    Ботагөздің үш ағасы бар еді. Балтабек – ең үлкені. Айбала соның келіншегі. Екінші – Темірбек ортаншы ағасы. Кенжетай – кенже ағасы. Кенжетай жалданып қазынаның жәмшігін айдайды. Ағайынды бұл үшеуінің жас мөлшерлері бір-біріне жақын: Балтабек жиырма алтыда, Темірбек жиырма төртте, Кенжетай жиырма екіде. Әкелері Тұяқ ерте өлген. Шешелері Ұлберген шаруадан қалмаған, жасы қырық бес шамасындағы кісі.
    Меруерт Тынышбекдәйексөз қалдырды2 жыл бұрын
    Тан, алдында түннің қараңғылығы қоюланатынын өзің білесің. Қазақтардың «таң қараңғысы» дейтін мезгілі таңның алды және түннің ең қараңғы мезгілі. Түн неғұрлым қараңғылығын қоюлатса, таң солғұрлым тез атады.
    Marina Sharipovaдәйексөз қалдырды5 жыл бұрын
    Менің бұл қызды алам дегенімді жұрт естіді. Енді мұны алмау – маған өлім.
    Marina Sharipovaдәйексөз қалдырды5 жыл бұрын
    бұл бір өткір қыз болайын деп тұр екен.
    raiianaislamqyzyдәйексөз қалдырды7 күн бұрын
    Шалқардың өзге көлден айырмасы – оның күнбатыс жақ жиегіне таман, жағадан жарты шақырымдай жерінде тас діңгек бар. Бұл діңгек көлден найзадай шаншылып тік шыққанмен, найзаға үйлес тас емес. Айта берсең ол, тас та емес, тас емес те емес. Тас дейін десең, діңгектің үстіне өскен жабағыдай ұйысқан бетеге, бетегелердің арасына өскен бұйра тобылғы. Тас емес дейін десең, желді күні айнала ұрып жатқан толқындар діңгектің бетін бір шаймайды
    raiianaislamqyzyдәйексөз қалдырды7 күн бұрын
    Балақ сіңірінің жуандығы тұтамнан асыңқыраған бүркіттің аяғы қарулы келеді! Ұшқыр бүркіттің ұзындығы он екі тұтам кеуде тұсының жуандығы сегіз тұтам болады. Кеудесі алты тұтамға жетпейтін бүркіт ұзақ ұшпайды. Ентігімпаз келеді. Тұрқы қысқа бүркіт биікке шарықтай алмайды.
fb2epub
Файлдарды осы жерге салыңыз, бір әрекетте 5 кітаптан асыруға болмайды