Қарагөз. I нұсқа, Мұхтар Әуезов
Тегін
Мұхтар Әуезов

Қарагөз. I нұсқа

Оқу
Айдана Оспан
Айдана Оспандәйексөз қалдырды2 жыл бұрын
Қара түндей күнәнің ортасында жанған шамдай жарығым, маңдайдағы жұлдызым... Торға түскен ақ тотым... Келші күнім...
Абылай Хасенов
Абылай Хасеновдәйексөз қалдырды9 ай бұрын
.Оны істесе Сырым бола ма (Кекетіп күліседі.)

Сырым(Құдалар жаққа қарап).
Еділ Пшатаев
Еділ Пшатаевдәйексөз қалдырды3 жыл бұрын
(пьеса)
1-нұсқа
3 ПЕРДЕЛI, 6 СУPETTI ДРАМА
Ескі ақын-салдар, жастар өмірінен
(Қазақстан білім ордасы жариялаған пьесалар бәйгесіне)
Суретті салт пьесасы
ПРОЛОГ
Ескі пішінді шал. Үлкен ақ сақалды. Үстіне кигені кестелі тон. Барлық киімі үкілі, сәнді, Бір қолында қобыз, бір қолында сыбызғы.
Қазақтың ұлы, қызы!!!
Алдыңа Қарауылдың ардагері, кермаралы шығады. Сарыарқадай сары жайын даланың кешегі бір кезде еркін ескен желіндей, айдынның көліндей шалқып өскен сері жігіт, ерке қыз шығады. Хан мен қара, би мен бек, ана мен баланың қиялын тербеткен жыршысы шығады. Заманның бұлаң жігіт ерке тотысы келеді... Танырмысың?!! (Аз тым-тырыстан соң) танымассың. (Өлеңдетіп).
Ол аса бір соққан желдей,
Алыстағы сары белдей,
Арқаның ақ төсінде, ақ айналы көлдей,
Толықсып аққан селдей,
Шырқап кеткен келмей, алыстағы асқардай,
Алқынсаң да келмейтін, арындап өткен заман ғой.
(Суық, түспен жымиып бәсеңдеп.) Сол күн сенің есіңде қалды ма екен? Ӏз қалдырмай жоғалды ма екен?.. Жасыл бел басына тіккен ала туды ұмытты ма екен?!. Қайғылы сары өзен сыбызғы үнін ойлай ма екен?!! Бүгінгі қаралы жартас жарық түнде кездескен асықтардың әніне қосқан жаңғырығынан жаңылды ма екен?.. Арқаның қоңыр желі садақ оғына жыртылған жүрегін жалғады ма екен?.. Үзілген күй жаңғырықты ма екен?.. Сері жігіт, ерке қыз бұрынғыдай айтыса ма екен? Ащы дауыс шырқай ма екен? Қарауылдың аңқып ұшқан алғыр құсы Сырымдай бұ күнгі жігіт қияннан тоят тілей ме екен?.. Мұның бәрі ескілік.... Бүгінгі дала жай болып сарылған... Бүгінгі ән мұңайған, жүдеу, қаралы... Жел шалқып еспей күрсінеді... Домбыра күй тартпайды... Жылайды... Қыз ән шырқатпайды, сыбырлайды... Сондықтан... сондықтан!!! Көрінде тоқсан толқып, жүз күңіренген Сырым мен Қаракөз, заманының салтанатты серілігін сендерге әкелді... Тербеуге көнсең — тербетпекші... Сергимін десең — сергітпекші... Сыпайы жігіт, үлгілі қыз! (Суық түспен жымиып.) Мені кім деп сұрасаң? ... Мен кәрі қазақпын! ...Мен сері Сырым, ерке Қаракөздің замандасымын... Мынау үкілі домбыра, мынау адыра қалған сыбызғыны сендерге жеткізуге қалған елшімін. Менің шын атымды сұрасаң??? (Жымиып күліп, басын иіп.) ескі әңгіме, кәрі күймін... Алдыңа әлі де әлденеше рет келермін. (Басын иіп шығып кетеді.)
УАҚИҒАҒА АРАЛАСАТЫНДАР:
Azhar Kalymzhanova
Azhar Kalymzhanovaдәйексөз қалдырды3 ай бұрын
Мөржан(Қаракөзді екі кісіге ұстатып). Сал кісенді, табанын тіліп, күн қылыңдар, бұл арам туған итті... Бетің тіліңгір..., қайтып шыдап тұр мына бетің...

Қаракөз(Есі шыққан, өңі қашып жүдеген, әлсіз). Мен..., мен жазықтымын... өлтірт мені... мені тірі қойма... мен бәрібір өлем... (Айғайлап, жылап жығылып.) Ал... құдай!... Ал мені, ақ өліміңмен... (Екі жігіт қолына кісен салып жатады.)
Аяжан Касымова
Аяжан Касымовадәйексөз қалдырды3 ай бұрын
Аты-түсі белгісіз болса да бақ талай асқан дұспаным бар. Қаракөзге менің құмарым күн сайын асқан сияқты. Бірақ Қаракөздің түсі суық. Маған жат.
Аяжан Касымова
Аяжан Касымовадәйексөз қалдырды3 ай бұрын
Рас айтасың. Қаракөздей асыл жоқ. Бірақ Қаракөз қара түнде жанған от болды. Мен сенделіп ұшып қанаты шарпылған көбелек болдым. Қаракөз мені тақымына толтырмады... Жүрегінде жалын бар. Сұлу Қаракөзің мені жатқа балады. Жаным деген жақыны бар... Менің қайғым сол. Асылдың екі бірдей сүйгені бола ма екен? Мен нені місе қыламын? Алған жардың көңілінде бірдің өзі болмасаң, маған тіршіліктің несі сән.
Аяжан Касымова
Аяжан Касымовадәйексөз қалдырды3 ай бұрын
өткенім бе? Менен қашып бетін шоққа салған жанның қайғысын маған арқалауға ғана жазғаның ба? (Талықсып жығылады. Қаракөз үзіліп бара жатады; Қойсары иман айтып отырады.)
Аяжан Касымова
Аяжан Касымовадәйексөз қалдырды3 ай бұрын
(Төсегінен басын көтеріп). Құдай-ау үзіліп барады ғой. (Жылап) бір ауыз жылы сөз... Бір ауыз ғана кештім деген сөзді естімей қалғаным ба? Мен кім болдым? Не боп қалдым? Шынымен-ақ бөтен жанның тойын тойлап қалғаным ба? Жұртта қалған күшіктей құлазып жалғыздықтан
Аяжан Касымова
Аяжан Касымовадәйексөз қалдырды3 ай бұрын
Оған өкінбеймін... Қаракөз мені жатқа балап, бір Сырым деп зарлап жүргенде де мен Қаракөзден айырылар шамам жоқ еді. Үйткені маған өзге әйелден Қаракөз табылады... Өзгені алсам қуанышты, бақытты боламын деп сене алмадым... Қаракөздей асылды беріп, оның тұсында мені сондай сорлы қылған соң, ендігінің қандай болып кездесеріне кімнің көзі жетеді?
Аяжан Касымова
Аяжан Касымовадәйексөз қалдырды3 ай бұрын
Ал тілімді... байғұс, сенің менен басқа да жанашырың бар ма? Керек десең менің әке-шешем, мені де жынданды деп, екеумізден енді құтылғанға асық болып отыр. Жазығым сені қимағаным, сені қаңғытып жібергенді обалсынғаным... Жазылармысың бейшара!?
Аяжан Касымова
Аяжан Касымовадәйексөз қалдырды3 ай бұрын
Нарша.Құданың құдіреті, ауырғаннан бері аузынан тоғай, көр деген сөз бір түспейді (Қойсары күрсінеді.) Бетіңді суыққа салып, жүрегің мұздай суық болып, жат болып тұрғанда, ибамен сіз деп сөйлеп, иіліп күткеніңнің өзі-ақ мен ұйытып еді. Ерекше болып туып... ерекше болып сөнгенің бе? Шыныңмен жарық күндей болып басталған өмірің қара түндей болып құлазып жүдеп біткені ме?
Аиша Канатова
Аиша Канатовадәйексөз қалдырды5 ай бұрын
ПРОЛОГ
Ескі пішінді шал. Үлкен ақ сақалды. Үстіне кигені кестелі тон. Барлық киімі үкілі, сәнді, Бір қолында қобыз, бір қолында сыбызғы.
Қазақтың ұлы, қызы!!!
Алдыңа Қарауылдың ардагері, кермаралы шығады. Сарыарқадай сары жайын даланың кешегі бір кезде еркін ескен желіндей, айдынның көліндей шалқып өскен сері жігіт, ерке қыз шығады. Хан мен қара, би мен бек, ана мен баланың қиялын тербеткен жыршысы шығады. Заманның бұлаң жігіт ерке тотысы келеді... Танырмысың?!! (Аз тым-тырыстан соң) танымассың. (Өлеңдетіп).
Жанель Илилян
Жанель Илиляндәйексөз қалдырды5 ай бұрын
Ақбала.Атын айтшы, ол кім? Таңдап тапқаның қандай жан? Айтшы, төрем!
Елдана Нурбакыт
Елдана Нурбакытдәйексөз қалдырды6 ай бұрын
Қара түндей күнәнің ортасында жанған шамдай жарығым, маңдайдағы жұлдызым... Торға түскен ақ тотым... Келші күнім..

К

b7263430728
b7263430728дәйексөз қалдырды6 ай бұрын
Сен алғыр құс ақ тұйғын, өзгелер қара қарға...
b7263430728
b7263430728дәйексөз қалдырды6 ай бұрын
Қара түндей күнәнің ортасында жанған шамдай жарығым, маңдайдағы жұлдызым... Торға түскен ақ тотым... Келші күнім...
b7263430728
b7263430728дәйексөз қалдырды6 ай бұрын
Буыны қатқан кәрі, бұғанасы қатпаған жас
Гүлнұр Қоқан
Гүлнұр Қоқандәйексөз қалдырды6 ай бұрын
Сырым(Үйден сақылдап күліп). Шеше! Мен өтірік сөз айтқаным жоқ. Айтылған сөздің бәрі рас.

Қаракөз(Қасына келіп). Қойсаңшы енді. Әжеммен салыспашы осы, қарғысы жаман, аямайды.

...

diargazizov14
diargazizov14дәйексөз қалдырды7 ай бұрын
Қыз ән шырқатпайды, сыбырлайды...
Дария Майлина
Дария Майлинадәйексөз қалдырды8 ай бұрын
Ақбала.Ұшығыңа жеткізбеген бір баласың ғой, әйтеуір.
fb2epub
Файлдарды осы жерге салыңыз, бір әрекетте 5 кітаптан асыруға болмайды