Н.К. Рерихтiң нақылы: Қарт викинг Гримр достарымен бiр тойда отырып, кенет өзiнiң ұзақ өмiрi iшiнде бiрде-бiр шын досының болмағанын айтады: тұс-тұстан келiспеушiлiктер естiледi. Бiреуi айтады: «Қуғында жүргенде саған кiм көмек қолын созды. Бұл мен болатынмын». Екiншiсi айтады: «Жауларың үйiңдi өртеп кеткенде, жаңа үйдi сенiмен бiрге кiм салып едi. Мен». Үшiншiсi тұрып: «Ұрыста сенi кiм өз кеудесiмен қалқалады. Досыңды еске ал!» Гримр айтыпты: «сендердiң маған iстегендерiңнiң бәрi есiмде, бiрақ сендер менiң бақытсыздықтағы достарымсыңдар және мен сендерге осы үшiн ризамын. Бiрақ шындықты айтайын: бақытты кезiмде достарым болған жоқ. Ал мен өте сирек бақытты болдым. Бiрде аңға шыққанда корольдi құтқардым, ол менi бәрiнiң көзiнше құшақтап, нағыз ерсiң дедi. Барлығы маған жақсы сөздер айтты, тек достарым үндемедi. Сондай-ақ, менiң жасақтарым даниялықтарды тiзе бүктiргенде бақытқа бөлендiм. Менi халықтың құтқарушысы деп атады, бiрақ онда да достарымның жүрегi үнсiз қалды. Ару қызды үйiме кiргiзiп әйел еттiм, некемiз қиылды, бiрақ достардың сөзi жүректен шықпады. Адам бақыттылықта тау шыңында тұрған сияқты болады, ал адамдардың жүрегi төменгiнi көредi. Бақыттылықта ешқашан достар болмайды».