bookmate game
kk
Free
Дүкен Мәсімханұлы

Дүкен Мәсімханұлы. Қытай туралы қырық сөз

648 printed pages
Have you already read it? How did you like it?
👍👎

Quotes

  • kaisar2205has quoted5 years ago
    рдей Конфуци институты Қазақстан жерінде тамыр жайып, қазақстандық жас жеткіншектер мен оқушылардың Қытай тілін үйрену мен Қытай мәдениетімен танысуына үлкен жол ашып берді. Сондай-ақ, Қазақстанның бірнеше жетекші жоғары оқу орындарында қытайтану, қытай тілі мамандықтары ашылып, мамандар дайындай бастағанына да ширек ғасырға аяқ басып барады.
    Қысқасы қазіргі таңда екі мемлекетте де дамудың жаңа бесжылдық бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жағдай екі елге де екі жақты қарым-қатынасты дамытудың жаңа мүмкіндіктерін бермек. Екі ел үкіметтері өзара құрмет, бейбіт қатар тұру және өзара тиімділік қағидаларын ұстана отырып, барлық сала бойынша күш-жігерін үйлестіру нәтижесінде бұдан былай да тату көршілікті, достық пен өзара сенімді нығайтуға, ынтымақтастық тетіктерін жетілдіруге және сауда-экономикалық, энергетикалық әрі шикізаттық емес сектордағы өзара іс
  • kaisar2205has quoted5 years ago
    Қазақстанның ең үлкен сауда әріптесі болса, Қазақ елі Қытай үшін бұрынғы Кеңес одағы құрамындағы мемлекеттердің ішінде екінші үлкен сауда серіктесі. Қазақ елінде мыңға жуық Қазақстан-Қытай бірлескен кәсіпорындары өнімді жұмыс істеп жатыр. Қазіргі кезде, екі елде де экономикалық құрылымдарды реттеу, экономиканың жаңа сипаттағы дамуын ілгерілету, сыртқы сауда мен инвестициялық серіктестікті арттыру жұмыстары жүргізілуде, бұл өз кезегінде екі елдің бір-бірінің артықшылықтарынан толық пайдалана отырып, өзара ынтымақтастықты одан сайын нығайтуға кең өріс ашатын болады.
    Соңғы жылдары екі ел халықтарының барыс-келісі де қарқын ала түсті. Қазақстан мен Қытай елінде бір-біріне жұмыс, оқу, саяхат бабымен барып-келетіндердің саны жылдан-жылға арта түсуде. Бүгінгі таңда, бірнеше мыңдаған қазақстандық студенттер Қытайда білім алып жатқан болса, Қазақстанда білім алатын Қытай студенттерінің саны да мыңнан асып жығылады. Төрт
  • kaisar2205has quoted5 years ago
    ұлттық, діни байланыстарының тамыры тереңде жатыр. Бұдан басқа Қазақстан мен Қытай елдері ШЫҰ, АҚӨЫ қатарлы ықпалды халықаралық ұйымдардың белді мүшелері ретінде де өзара түсінісу мен қолдау саясатын ұстана отырып, нәтижелі ынтымақтастықты тереңдетіп, аймақтағы тіпті әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты қорғау ісіне де маңызды үлес қосып келеді.
    Сауда-экономика тұрғысынан алып айтатын болсақ, экономикасы жаңа сипатта қарқынды дамып отырған Қытай мемлекеті мен Қазақстанның ортасында энергетика, минералды ресурстарға жатпайтын құрылыс негіздері сияқты салаларда Қазақстан-Қытай мұнай-газ құбыры, Қорғас халықаралық шекара әріптестік орталығы, «Батыс Қытай – Батыс Еуропа көлік дәлізі» секілді ірі жобалар жөніндегі ынтымақтастық одан әрі қарқын ала түсті. Екі елдің сауда-саттық мөлшері қарым-қатынастың алғашқы жылдарындағы 368 миллион доллардан 2011 жылы рекордтық көрсеткішпен 25 миллиард АҚШ долларына жетіп 60 есеге артты. Қытай қазіргі кезде
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)