kk
Free
Дүкен Мәсімханұлы

Дүкен Мәсімханұлы. Қытай туралы қырық сөз

  • kaisar2205has quoted5 years ago
    рдей Конфуци институты Қазақстан жерінде тамыр жайып, қазақстандық жас жеткіншектер мен оқушылардың Қытай тілін үйрену мен Қытай мәдениетімен танысуына үлкен жол ашып берді. Сондай-ақ, Қазақстанның бірнеше жетекші жоғары оқу орындарында қытайтану, қытай тілі мамандықтары ашылып, мамандар дайындай бастағанына да ширек ғасырға аяқ басып барады.
    Қысқасы қазіргі таңда екі мемлекетте де дамудың жаңа бесжылдық бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жағдай екі елге де екі жақты қарым-қатынасты дамытудың жаңа мүмкіндіктерін бермек. Екі ел үкіметтері өзара құрмет, бейбіт қатар тұру және өзара тиімділік қағидаларын ұстана отырып, барлық сала бойынша күш-жігерін үйлестіру нәтижесінде бұдан былай да тату көршілікті, достық пен өзара сенімді нығайтуға, ынтымақтастық тетіктерін жетілдіруге және сауда-экономикалық, энергетикалық әрі шикізаттық емес сектордағы өзара іс
  • kaisar2205has quoted5 years ago
    Қазақстанның ең үлкен сауда әріптесі болса, Қазақ елі Қытай үшін бұрынғы Кеңес одағы құрамындағы мемлекеттердің ішінде екінші үлкен сауда серіктесі. Қазақ елінде мыңға жуық Қазақстан-Қытай бірлескен кәсіпорындары өнімді жұмыс істеп жатыр. Қазіргі кезде, екі елде де экономикалық құрылымдарды реттеу, экономиканың жаңа сипаттағы дамуын ілгерілету, сыртқы сауда мен инвестициялық серіктестікті арттыру жұмыстары жүргізілуде, бұл өз кезегінде екі елдің бір-бірінің артықшылықтарынан толық пайдалана отырып, өзара ынтымақтастықты одан сайын нығайтуға кең өріс ашатын болады.
    Соңғы жылдары екі ел халықтарының барыс-келісі де қарқын ала түсті. Қазақстан мен Қытай елінде бір-біріне жұмыс, оқу, саяхат бабымен барып-келетіндердің саны жылдан-жылға арта түсуде. Бүгінгі таңда, бірнеше мыңдаған қазақстандық студенттер Қытайда білім алып жатқан болса, Қазақстанда білім алатын Қытай студенттерінің саны да мыңнан асып жығылады. Төрт
  • kaisar2205has quoted5 years ago
    ұлттық, діни байланыстарының тамыры тереңде жатыр. Бұдан басқа Қазақстан мен Қытай елдері ШЫҰ, АҚӨЫ қатарлы ықпалды халықаралық ұйымдардың белді мүшелері ретінде де өзара түсінісу мен қолдау саясатын ұстана отырып, нәтижелі ынтымақтастықты тереңдетіп, аймақтағы тіпті әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты қорғау ісіне де маңызды үлес қосып келеді.
    Сауда-экономика тұрғысынан алып айтатын болсақ, экономикасы жаңа сипатта қарқынды дамып отырған Қытай мемлекеті мен Қазақстанның ортасында энергетика, минералды ресурстарға жатпайтын құрылыс негіздері сияқты салаларда Қазақстан-Қытай мұнай-газ құбыры, Қорғас халықаралық шекара әріптестік орталығы, «Батыс Қытай – Батыс Еуропа көлік дәлізі» секілді ірі жобалар жөніндегі ынтымақтастық одан әрі қарқын ала түсті. Екі елдің сауда-саттық мөлшері қарым-қатынастың алғашқы жылдарындағы 368 миллион доллардан 2011 жылы рекордтық көрсеткішпен 25 миллиард АҚШ долларына жетіп 60 есеге артты. Қытай қазіргі кезде
  • kaisar2205has quoted5 years ago
    дүниежүзінде тату көрші, сенімді достық қарым-қатынас пен ортақ дамудың тамаша үлгісін көрсетіп келеді.
    Саяси тұрғыдан алғанда, Қазақстан мен Қытай елдері ортасында шешілмеген күрделі мәселе жоқ. Қарым-қатынас дамуының, заман талабының қажетіне сай, біздің елдеріміз арасында ілгерінді-кейінді бірнеше маңызды құжаттарға қол қойылды. Атап айтқанда, 2002 жылдың желтоқсанында қол қойылған «Қазақстан-Қытай тату көрші, тату достық ынтымақтастық шартына», 2005 жылы шілдеде «Қазақстан-Қытай стратегиялық әріптестік жөніндегі бірлескен декларациясына», 2011 жылдың маусым айында «Қазақстан-Қытай барлық сала бойынша стратегиялық әріптестікті дамыту жөніндегі бірлескен мәлімдемеге» қол қойды. Мұның барлығы екі ел қарым-қатынасының үздіксіз, шынайы, ақаусыз дамып келе жатқандығын айғақтайтын құжаттар. Қазақстан мен Қытайдың ортақ шекара сызығының ұзындығы 1782 шақырымды құрайды, әрі Қытайдың шекаралас Шыңжаң өлкесімен Қазақстанның географиялық, тарихи, мәдени,
  • kaisar2205has quoted5 years ago
    жақынырақ білуден, өзара түсінісе жүруден ұтпаса, ұтылмасы анық.
    Міне, осындай ырықты орынға шыққан адами саналылықтың нәтижесінде, ХХ ғасырдың 80 жылдарына келгенде неше ондаған жылдар тарс бекітулі жатқан Кеңес Одағы мен Қытай шекарасы ашылды. Одан көп ұзамай Кеңес Одағы ыдырап, Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялады да, Қытаймен дипломатиялық қарым-қатынасқа (1992 жыл), достық, тату көршілік қатынасқа өзі шықты.
    Биылғы жылдың (2014ж.) 3 қаңтарында Қазақстан мен Қытайдың дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанына 22 жыл толды. Қытай Қазақстанның тәуелсіздігін ең алғаш мойындаған әрі дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан мемлекеттердің бірі. Дипломатиялық қарым-қатынас орнатқаннан бері, екі елдің байланысы өзара сенім, теңдік, тиімділік, әріптестік негізінде, барлық сала бойынша бір қалыпты даму қарқынын сақтай отырып, осы аймақта, тіпті
  • kaisar2205has quoted5 years ago
    БЕТАШАР
    ХХ ғасырдың соңғы жартысындағы қырғиқабақ соғыс халық пен халықты іштей қырқыстырып, ел мен елді күндестей аңдастырып қойғаны сонша, бір халық екінші бір халық туралы, бір ел енді бір ел туралы жақсылық ойлаудан айырылып қала жаздады. Ал жер бетінде, аспан астында бірге тіршілік кешіп отырған Адам-атаның баласы ретінде бір-біріне мейіріммен қарау, бір-бірін түсінуге тырысу, кезіккен мәселені сөзбен шешуге құлшыну деген сияқты саналы да адами қасиеттер енді-енді ғана ырықты орынға шығып келе жатқан сыңайлы. Әрине «бүкілдей солай болып кетті» десек асырып айтқандық болар еді. Өйткені, дәл осы кездің өзінде болып жатқан орынсыз қантөгістер қаншама?! Әйткенмен, өткен ғасырлармен салыстырмалы түрде айтқанда, бүгінгі әлемде жалпы адами саналылықтың басым тұрғаны ақиқат. Қытай халқында «Қашан да түсіністік жасасын» деген аталы сөз бар. Сол айтқандай, бүкіл адамзат, әр ел бір-бірін
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)