Бір жазылыммен мыңдаған кітаптарды оқыңыз

Сіз кітапты емес, орыс тіліндегі ең үлкен кітапханаға кіру мүмкіндігін сатып аласыз.

Оқитын нәрсе әрқашан да болады

Достар, редакторлар мен сарапшылар жаңа қызықты кітаптар табуға көмектеседі.

Қалаған жерде оқыңыз

Жолда, қала сыртында, еһшетелде оқыңыз. Телефон әрдайым өзіңізбен — демек, кітаптар да өзіңізбен.

b4498560601
b4498560601дәйексөз қалдырды8 ай бұрын
«Түбірлер» деген өлеңімнің тууы да қызық. Бұл бас-аяғы он бес жолға жетер
Saka Saka
Saka Sakaдәйексөз қалдырды9 ай бұрын
«Түбірлер» деген өлеңімнің тууы да қызық. Бұл бас-аяғы он бес жолға жетер-жетпес өлең. Мұның жазылуына да бір уақиға себеп болды. Мен көп жылдан соң, үй-ішіммен, бір кезде қан төккен Волхов орманына бардым. Назия өзенінің мөлдір суына бетімді жуып, жар жағасында ойға шомып, көп тұрдым. Өткен күндер есіме түсіп, көз алдым тұманданып кетті. Айнала баяғы батпақ, сол батпақты бір кезде белуардан кештік, сол батпақты терең етіп қазып, сол батпақтың ішіне түнедік. Сол батпақты жау оғына қалқан ғып тосып, қорған еттік. Енді сол батпақтан соғыс кезіндегі соқпағымды іздеп, ерсілі-қарсылы біраз жүрдім. Әр жерде бір кесіліп қалған түбірлер кездеседі. Маған олар қол-аяқтан айрылып, мүгедек болып қалған солдаттар секілді елестеді. Осыдан барып «Түбірлер» деген өлең кеудемде күбірледі.Міне, осылардың барлығы өмірдің өзінен туған өлеңдер еді. Ал өмірдің өзінен туған өлеңдер барлық болмыс шындығы. Мен ұзақ уақыт жасайтын сияқты. Асылы ақынға өмірдің өткелдерін көп кешіп, оның құбылыстарын көп зерттеп, біраз жайларды басынан кешіру ауадай қажет. Отызыншы жылдардың ауыртпалығы қаршадай мені қаңбақтай үйіріп, бір қырдан бір қырға, бір сайдан бір сайға көшірді. Бірақ ол да мені шымыр аязымен шынықтырып өткендей. Бірде тоқ, бірде аш, жаяу-жалпы жүрген кездердің өзі ерте бастан еңбекке жаттықтырып, күреске үйреткендей. Қырқыншы жылдар мені майдан шебіне алып барып, сұрапыл соғыстың сынына салды. Менің жүрегіме көп уақиғаның ізін қалдырды. Көп ойлардың теңізіне жүзгізді. Енді сол ойлардың толқынымен ағып, өткен күндерді өлең тілімен сөйлетуге тиісті болдым. Өткен жолдарды қайта шарлап, ішкі дүниемнің ой-қырына, иірім толқындарына оқырмандарды да ортақтастырып, солармен жан қозғалысынан туған жүрек сырларын жақынымдай бөлісуге бой ұрып, құштарлық құндағына бөлендім. Сол өткен үлкен асулы қия кезеңдер көкіректі қайтадан тебірентіп, сезім пернелерін қайта басып, қайтадан қалың ойдың тұңғиығында толқытып, жырға шақырады. Әрине, көрінгеннің бәрі өлең бола бермейді. Солардың ішінде ерекше бір жанды
fb2epub
Файлдарды осы жерге салыңыз, бір әрекетте 5 кітаптан асыруға болмайды