bookmate game
Сәбит Мұқанов

Мөлдір махаббат

651 қағаз парақ
Оқып қойдыңыз ба? Не айтасыз?
👍👎

Пікірлер

    b2237430781пікірмен бөлісті3 жыл бұрын
    👍Кеңес беремін
    🔮Мәнді
    💡Танымдық
    🚀Бас көтеру қиын
    💧Көзден жас ағарлық

    Өте керемет жазылған кітап 😭оқыңыздар өкінбейсіздер. Қазақ жазушыларының көптеген кітабы өліммен аяқталады ғой, бірақ бұл оқиғаның басты кейіпкерлері аман сау қалған. Өмірдегі қиындықтарды жеңіп шыққан батыл жандар.
    Бәтес тің тағдырына алаңдадым. Бүркіттің ісіне риза болдым. Мүсәпірді жек көріп кеттім. Өкінішке орай, кейде сенген адамың, жақының болсада, орға жығып кететін кездер болады,.

    zhamal0005пікірмен бөлісті3 жыл бұрын

    Өмірдің соқпақ жолдарында алғашқы махаббаттың жүректен алар орыны бөлек. Мөлдір махаббатқа қол жеткізе алмай алыстан бақытты екенін көзіңмен көру де ерлік. Оған ұзақ қарай алу екінші ерлік. Сүйгеніңнің қасында сезіміңді сездірмеу үшінші ерлік. Ерлік жасау отан алдында ғана емес, махаббат алдында да болатынын кей жандар біле бермейді. Әлде білгісі келмей ме?.... Әр дәуірдің өз тарауы мен қалауы бар. Дамыған заманда туылған мен үшін қыз болып туылу өткен күндерде қорқынышты болар еді. Бүгінгі заманға, тіпті оны жасаушы адамға мейірлене қарап, өз ойымды аяқтау барысында менде тек кітаптағы кейіпкердей махаббат қана болмады дегім келетіндей.

    Umit Sarkulovaпікірмен бөлісті5 жыл бұрын

    Калай окисын тегін деп алып акы сурап отыргандары

Дәйексөз

    b8597295899дәйексөз қалдырды6 жыл бұрын
    ақынның:
    Әуелі тазартып ал іштің кірін,
    Болмасын сыртың сұлу ішің ірің!—
    Akbota Akhmetovaдәйексөз қалдырды4 жыл бұрын
    — Қазақ «сұлу сұлу емес, сүйген сұлу» деген мақал бар ғой?

    — Бар...

    — Ендеше, әркімнің сүйгені сұлу емес пе?

    — Рас. Сонда, «сүю» дегеннің өзі не?

    — Барлық жан-тәніңмен берілу...
    b6924596168дәйексөз қалдырды4 жыл бұрын
    Әуелі тазартып ал іштің кірін,

    Болмасын сыртың сұлу ішің ірің!

Сөрелерде

fb2epub
Файлдарды осы жерге салыңыз, бір әрекетте 5 кітаптан асыруға болмайды