kk
Саид Нұрси

Қысқа сөздер

Notify me when the book’s added
To read this book, upload an EPUB or FB2 file to Bookmate. How do I upload a book?
  • Nk Nkhas quoted2 years ago
    Демек, ей, нәпсiм! Егер басты мақсатың дүниелiк өмiр болып, тек соның қамын ойласаң, торғайдан да тұрмысың нашар болады.
    Егер ақы­реттік, рухани өмiрдi ойлап, сол жақта бақытты болуды мақсат қылсаң және мына фәни өмiрдi соған ұйытқы, оның егiн алқабы деп қабылдап о дүниеге қам жасасаң, барлық тiршiлiк иелерiнiң басшысы әрi Хақ Тағаланың бұл дүниедегi ерке құлы, қымбатты да қадiрлi қонағы боласың.
    Мiне, саған екi жол. Қалағаныңды таңда. Тура жол мен таупықты Әрхам-ур Рахимин, Мейрімділерден де мейірімді Аллаһтан сұра!
  • Nk Nkhas quoted2 years ago
    Демек, адал ризық табу күш пен ептілікке байланысты емес, керісінше әлсiз­дiк пен шарасыздыққа байланысты.
  • Nk Nkhas quoted2 years ago
    Адам баласы көп нәрсеге мұқтаж, бірақ қолы қысқа, күші жоқтың қасы. Өмірде кезiгетін пәлелерден құтылу мүмкін емес. Оның ерік-шамасы қолының жеткен жерiне дейiн десек, мұң-мұқтаждығы көзi мен қиялы жеткен жерге дейiн шексіз. Олай болса тым әлсiз, шарасыз әрi пақыр, мұң-мұқтажы мол адамға Жаратқан Иесіне құлшылық қылу, тәуекел ету, иман келтіру тәухид, Иләһи үкімдерге мойынсұну қаншалықты тиімді де пайдалы, мол ба­қыт, зор нығмет екендiгiн соқыр емес жандар түсiнер, бәлкім көрер.
  • Nk Nkhas quoted2 years ago
    Аллаh Тағала, мұнша нығметтерінің ақысына не сұрайды?
    Жауап: Иә, нағыз Жарылқаушы, аса Қамқор Аллаh Тағала өзінің құнды нығметтерi үшiн бiзден үш нәрсе сұрайды. Олар – зiкiр, шүкiр, пiкiр.
    Әрнәрсенің басында "Биссмилләh" айту – зiкiр. Соңында "Әлхам­дү­лилләh" деу – шүкiр. Ортасында осыншама таңғажайып нығметтердi Әхад әрi Самәд Аллаһтың құдреті жаратты, Оның жарылқауы, сыйлығы деп бiлу – пiкiр.
  • Nk Nkhas quoted2 years ago
    Мiне, ей тәкаппар нәпсiм! Сен де бір жолаушысың. Мына дүние шексiз сахара секілді. Өзің әлсiз әрі пақыр әрі мұқтажсың. Өміріңе қауіпті дұшпандар көп-ақ. Ендеше, осы сахарадай дүниенің иесi Хаким-i Әзелидiң1 атын айтып, есiмiн пана тұт!
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)