Да–а,– деді Оймауыт қалтасынан папирос алып тұтатып. Жағдайларың қиын екен... Бұл тек сенің Ақшоқың емес, басқа да көптеген жерлерде етек алып тұрған нәрсе. Себебі, сауатты кадрлар жоқ. Тіпті аудан басшыларының өзі солақай. Партия саясатының түпкі төркініне жете түсінбейді де, «айтқанды түбін түсіріп орындау» дегеннен басқа алдына мақсат қоймайды. Не істейсің? Сауатсыз бәрі де. Ал кішкене сауаты бар, ашқарақтығы жоқ, кісілігін жоғалтпаған мына сен секілділер, баласын оқытқаннан басқа ештеңеде шаруасы жоқ, сен тимесең мен тиме, бадырақ көз.
Сонда әлгінің бәріне мен кінәлі болып шықтым ба?
Әрине, сен кінәлісің.
Қалайша, кінәлімін? – деді Бәйтен шын өкпелеп.
Себебі совет үкіметін орнату көктен түсе қалатын нәрсе емес. Оны әр қалада, әр ауылда, халықтың өзі орнатады, түсінемісің