Монғолиядан бір-ақ шығар едік. Сен болмасаң, мен жүре беруден әсте шаршамас та, қорықпас та едім. Рас айтамын, Монғолияға барар едік. Бізді «о, қазақтар келді» деп құшақ жая қарсы алар еді. Аппақ киіз үйге кіргізіп, тай сойып қонақ қылар еді. Боз биенің сүтіне шомылдырып, алдымызға астау-астау қазы-қарта қояр еді. Ішеріміз — алдымызда, ішпесіміз — артымызда, қымызға қызыңқырап шәниіп жатқанда, ақ отаудың есігін ептеп ашып, ай мен күндей қос ару кірсе... әттең, дүние-ай, армансыз күліп-ойнасақ, содан соң... содан соң екеумізге екі ақ боз ат мінгізіп, әлгі екі сұлу қызды алдымызға өңгеріп елге қайтсақ. Алдымыздан ферманың бүкіл сиыры, бұзауы, түйесі, барлық адамдары қақ жарылып қарсы алып, шулап соңымыздан ерсе
Монғоли елестетуі
(Тортай)