Бір данагөйден:
— Мәңгілік деген не?—деп сұраған екен. Ол: «Мен мәңгілік дегеннің не екенін білмеймін, бірақ мәңгіліктің қас-қағым сәтін көз алдыма елестете аламын»,— депті. Одан мәңгіліктің қас-қағым сәтінің мәнін түсіндіруді өтініпті. Ол: «Сіздер Айды көріп тұрсыздар ма? Енді айға дейін жететін алмас бағанасын елестетіп көріңіздер. Ал одан кейін бағана басына қонақтаған құстың тұмсығын алмасқа тазалап жатқанын елестетіңіздер. Ол осылайша ептеп-ептеп бағананы жонбай ма, солай ғой?.. Сонымен,— деп данагөй сөзін жалғайды,— құс бағананы шоқып бітіріп, жерге қайта келіп қонғанға дейінгі аралықтағы уақыт мәңгіліктің қас-қағым сәті болады».