Сайын Мұратбеков

Отау үй

Динара Кенисхановадәйексөз қалдырдыбылтырғы жыл
— Ал өмір деген не? Сен қалай ойлайсың?

— Өмір деген кең жарық дүниедегі тіршілік, күнделікті тұрмыс, тірлік емес пе?..

— Ал сол тіршілік, тұрмысты жасап жүрген өзіміз ғой. Ендеше өмір деген өзіміз емеспіз бе?..

— Олай болса неге қиын? Неге өзімізге өзіміз жамандық жасаймыз. Мен, әрине, тұрмыс жағын, ішу-жеу, киім киюді айтып отырғам жоқ, қазір молшылық қой. Менің бас қатыратыным: неге адам біріне-бірі зәбір көрсетеді? Неге осы бақытты, қайғысыз өмір сүру деген қиын?
Aruka Jenisovaдәйексөз қалдырды17 күн бұрын
Үнсіз жылайды. «Еш уақыт маңдайыңнан шертпеймін, алақанымда аялаймын»,— деп еді-ау Ұзақ үйленерінде...
Aruka Jenisovaдәйексөз қалдырды17 күн бұрын
Бар айыбы — күні бойғы үй шаруасынан титықтап барып ұйықтап қалғаны, күйеуінің келуін күтіп сергек жатпағаны. Кінә бар ма, онысына. Әлі жас емес пе?! Ол да біреудің әлпештеп өсірген баласы еді ғой, ол да өз анасының көзінің қарашығы еді ғой!..
Aruka Jenisovaдәйексөз қалдырды17 күн бұрын
Жігіт, қыз күндерінде бірін-бірі сүйіп үйленеді, сонан соң бірін-бірі ренжітеді, көңілін қалдырады. Рас, тату-тәтті тұратын кездері де болады, бір күн, екі күн... он күн... бір ай.. бірақ бәрібір ұрсысады, қабақтарына кірбің түседі. Неге бұлай?

— Өмір болған соң солай да...
Aruka Jenisovaдәйексөз қалдырды17 күн бұрын
«Бұл қыз қай уақытта өсіп кеткен, ей»,— деп Ұзақ таңдайын қағып, басын шайқады. Біразға дейін қызға көз қиығын сап, ыржиып күле берді.
Aruka Jenisovaдәйексөз қалдырды17 күн бұрын
Бір-біріне үнсіз қарайды. Әлден уақытта Тана жайлап жүріп кеп Ұзақтың ұйысқан шашын саусақтарымен салалап тарай бастады. Онан соң күйеуінің басынан құшақтап кеудесіне басты. Ұзақ күрсінді де көзін жұмып келіншегінің кеудесіне басын сүйеді. Тананың іші едәуір өсіп қалған. Жүрегі дүрс-дүрс етеді. Бір қалыпты ырғақпен қатты соғады, екі адам үшін бірдей соғып тұрған тәрізді. Ұзақ басын көтеріп келіншегінің жүзіне қарады. Жымиып күлді. Кенет кереметтей бір шексіз қуаныш билей бастады бойын. Қуланған кескінмен Тананың тұрған тұрысына, бас-аяғына қайта-қайта қарай берген.
Ayimgul Utepkalievaдәйексөз қалдырдыбылтырғы жыл
Кішкене терезеден жөңкіліп көшіп жатқан бұлттар көрінеді. Күн ашық сияқты.
Ayimgul Utepkalievaдәйексөз қалдырдыбылтырғы жыл
ірте-бірте, әлгі арық адамның қабырғаларындай ырсиған сырғауылдардың арасынан төбенің сылақтары жиі-жиі қопарылып түсіп, тамшы өткен жерлер көбейді.
Ayimgul Utepkalievaдәйексөз қалдырдыбылтырғы жыл
Іште жатқан бітеу жарадай жүректі сыздатады.
Ayimgul Utepkalievaдәйексөз қалдырдыбылтырғы жыл
ерезеден шерткен жауын сытыры жиілеп, бір қалыпты, ырғақты шуылға айналған. Жуық арада басылмайтын, бір күйінен танбайтын көктемгі езбе жауын. Өстіп сытырлап тұрып-ақ дүниені көл-көсір ететін, қара жерді ми-миын шығарып езетін де осы жауын ғой.
Ayimgul Utepkalievaдәйексөз қалдырдыбылтырғы жыл
өз үйренбегендіктен бе әлде көңілсіздіктен бе, шағын бөлме шамның көмескі жарығында аңғал-саңғал боп үңірейіп, кеңейіп кетті. Әр бұрышы күңгірт тартып, алагеуім іңір қараңғылығында құлазып жатқан кешкі дала сияқты көңілді елегізіте бастады.
Ayimgul Utepkalievaдәйексөз қалдырдыбылтырғы жыл
Ұстамалы безгектей дірілдете тітіркентіп, өне бойын жайлаған өксік аралас ауыр бір тыныс әлсін-әлсін тамағына тас түйін боп кептеліп кеп, бүкіл тіршілігінің жұлынын үзіп жіберетін сияқты.
Ayimgul Utepkalievaдәйексөз қалдырдыбылтырғы жыл
көкірегі тағы да удай ашып, шым-шым етіп сыздағандай, енді бірде лықсып ақтарылып құлазығандай күйде еді.
Ayimgul Utepkalievaдәйексөз қалдырдыбылтырғы жыл
Біреу үстінен суық су құйып жібергендей Ұзақтың тұла бойы түгел тітіркеніп кетті.
Ayimgul Utepkalievaдәйексөз қалдырдыбылтырғы жыл
жауыр аттың арқасындай ойылып, кей жерлері сары су ізімен сарғайыпты.
Ayimgul Utepkalievaдәйексөз қалдырдыбылтырғы жыл
Бірақ оның есесіне арық адамның қабырғаларындай ырсиған өңшең біркелкі жіңішке сырғауылдар майысыпты.
Ayimgul Utepkalievaдәйексөз қалдырдыбылтырғы жыл
ір кездегі сүп-сүйір нәзік саусақтар тілім-тілім жарылып, ойдым-ойдым боп мүйізденіп дөрбиіп ісініп кеткен.
Ayimgul Utepkalievaдәйексөз қалдырдыбылтырғы жыл
сынау айтып жеткізгісіз қуаныш күйкі тірліктің бәрін тоз-тоз қып жіберген сияқты.
Ayimgul Utepkalievaдәйексөз қалдырдыбылтырғы жыл
Кабинада өңі сұп-сұр боп көзі бажырайып әлі де өң мен түстей халде отырған Тана да түсті.
Ayimgul Utepkalievaдәйексөз қалдырдыбылтырғы жыл
Сырты шыбын үймелегендей сатала-сатпақ, айғыз-айғыз, кішкентай жалғыз терезесі ауру адамның шүңірейген көзі секілді.
fb2epub
Файлдарды осы жерге салыңыз, бір әрекетте 5 кітаптан асыруға болмайды