Ілияс Есенберлин

Көшпенділер

Notify me when the book’s added
To read this book, upload an EPUB or FB2 file to Bookmate. How do I upload a book?
  • b2933193248has quoted6 years ago
    Бұлардың мінгендері кәкір-шүкір тай-тұяқ емес, он күн желіске шыдай алар аласа бойлы, тоқпақ жалды, құшақ құйрықты, кілең сайгүлік шабысты жылқы. Үстерінде сауытты, жалпақ бет, сығыр көз ноян, баһадурлар. Аттарына да тізелеріне дейін сауыт жабылған. Екі жағында жебеге толған екі-үш қорамса, белдерінде қисық жүзді қылыш пен ұзын сапты айбалта, қамал бұзатын тас атқыштарды сүйреу үшін ер қасына байлап алған жуандығы білектей қыл арқан. Әрқайсысында кем дегенде екі садақтан. Кейбір көрікті киінгендердің тақымдарында бір жақ ұшы пышақтай өткір найза. Жеберлерінің ұшы екі жүзді қанжардай өткір, сүйір. Ысылдап келіп қадалса, егер тәнің тастан жаралмаса,
  • Нұржауған Рысқұлбекhas quoted4 years ago
    «Тағдырдың жазғанын көріп алармын, — деді ол, — егер ажалың келсе, алтын сандық ішінде тығылып жатсаң да табады. Ал ажалың жоқ болса, жаңбырдай жауған оқтан да адам тірі қалады».
  • Бексұлтан Хадисhas quoted4 years ago
    Егер басыңды аман алып жүргің келсе, аузыңа ие бол. Тым ақылси берме«
  • Бексұлтан Хадисhas quoted4 years ago
    Таза мінсіз асыл тас

    Су түбінде жатады.

    Таза мінсіз асыл сөз

    Ой түбінде жатады.

    Су түбінде жатқан тас

    Жел толқытса шығады.

    Ой түбінде жатқан сөз

    Шер толқытса шығады
  • BGK28292has quoted2 years ago
    Бір мың үш жүз қырық екінші жылы Батудың ұрпағы Алтын Орданы ісләм дініне бағындырған Өзбек хан өлді. Содан кейін Дәшті Қыпшақ жеріндегі осы ханның атымен атала бастаған Өзбек ордасының тағына бір мың төрт жүз жиырма жетінші жылы Әбілқайыр ие болды. Бұл Жошының бесінші ұлы Сайбаннан тараған Дәулет-Шайхы сұлтанның баласы. Қазір оның Мөңке жолы деп отырғаны жоғарғы айтылған Мөңке ханның қанды оқиғасы. Расында да бұл қанды оқиға Шыңғыс ұрпақтарына белгілі сара жолға айналған.
  • b5130957952has quoted2 years ago
    осы он бір бала, олардан туған толып жатқан
  • b5130957952has quoted2 years ago
    Бұл жайды Әбілқайыр хан да білмеген.
  • b5478796280has quoted2 years ago
    Шыңғысханның төрт ұлы болған. Жошы, Жағатай, Үгедей, Төле. Төртеуі әлем қожасы Шыңғысхан жаулап алған жерді төрт ұлысқа бөліп, әрқайсысы бір-бір ұлыстан басқарған.
  • b5478796280has quoted2 years ago
    Шыңғысханның төрт ұлы болған. Жошы, Жағатай, Үгедей, Төле. Төртеуі әлем қожасы Шыңғысхан жаулап алған жерді төрт ұлысқа бөліп, әрқайсысы бір-бір ұлыстан басқарған.
  • b5130957952has quoted2 years ago
    Осыдан екі жыл бұрын, Тарланкөгін жаратып жүрген кезінде, Әбілқайыр әлдеқалай жылқысына барған.
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)