kk
Free

Жан-Жак Руссо. Қоғамдық келісім жөнінде немесе саяси құқықтың принциптері

  • Mandarinhas quoted5 months ago
    қаласаңыз, жеке адамдардың тобы, бірақ ассоциация емес; мұнда жалпы ортақ игілік
  • Гульназ Жолдасоваhas quotedlast year
    Әкесіне бағыну қажеттілігінен құтылған перзенттер және перзенттеріне қамқорлықтан босаған әке бір-біріне тепе-тең тәуелсіз болып қалады.
  • Гульназ Жолдасоваhas quotedlast year
    I-тарау

    Осы бірінші кітаптың пәні
  • b0474262439has quotedlast year
    кісінің сол дәрежеде қалу үшін жеке жұмсайтын күш-жігерінен әлдеқайда асып түсетін деңгейге жетеді. Сол кезде алғашқы жағдай сол күйінде жалғаса бере алмайды, адамзат өзінің өмір сүру жолын өзгертпесе, мерт болған болар еді.
    Бірақ, адамдар бар күштерінен басқа жаңа күштер жасай алмайтындықтан және тек сол күштерін біріктіріп, бағыттай ғана алатын болғандықтан оларға өздерін сақтауға және қарсы ықпалдарды жеңуге басқа адамдармен бірігіп, күштерін жинақтап, ол күштерді бір қозғаушы нәрсеге бағындырып, үйлесімді әрекет етуге мойынсұндырудан басқа жол қалмайды.
    Осындай күштердің жинағы адамдардың бірігіп әрекет етуінде ғана пайда бола алады; Бірақ, әр кісінің күші мен еркіндігі оның өзін сақтауының жалғыз ғана құралы болғандықтан, оларды адам қалай, өзіне зиян келтірмей және өзінің өз алдындағы борышы болатың өзі үшін
  • b2244431485has quoted2 years ago
    жаттандырып бір мырзаның құлы бола алса, онда неге бір тұтас халық бір корольдің қол астына кіре алмайды? Мұнда түсіндіруді қажет ететін қос мәнді сөздер көп, бірақ, солардың біреуіне — жаттандырудегенге ғана тоқталайық. Жаттандыру беру немесе сату дегенді білдіреді. Бірақ біреудің құлы болған адам өзін бермейді; ол өзін сатады, оның есесіне өмір сүруге қажет нәрселер алады. Бірақ, халыққа өзін сату неге керек? Король қол астындағыларға өмір сүруге қажет еш нәрсе бере алмайды, ол түгіл ол өзі халықтың есебінен күн көреді, ал корольге, Рабленің айтуынша, күн көруге көп нәрсе керек. Олай болса, корольдің билігіне кіргендер өзін де, дүние-мүлкін де жәй бере салатын болғаны ғой. Сонда оларда ешнәрсе де қалмайды.

    Король қол астындағыларға азаматтық тыныштық береді дер біреулер. Солай-ақ болсын, бірақ адамдардың өзара араздықтарынан корольдің жариялайтын соғыстары, оның тойымсыз көзқарасқтығы, оның мансапқорлық зорлықтары оларға әлдеқайда зор күйзелушіліктер әкеліп отырса, олардың сонда бұдан ұтқаны не? Олардың ұтатыны не, егер мұндай тыныштық соғыстан да жаман болса?..

    Өз еркіндігінен бас тарту, ол — өзіңнің адамдық абыройыңды тәрк ету, адам табиғатының құқықтарынан, тіпті оның міндеттерінен де бас тарту. Барлығынан бас тартатын адамға олардың орнын еш нәрсе толтыра алмайды. Ондай бас тарту адам табиғатымен сыйыса алмайды. Адамды ырықтың еркіндігінен айыру — оны қандай да болмасын адамгершіліктің өрісінен тысқары шығару. Ақырында, бір жағынан абсолюттік билікті, екінші жағынан шексіз бағынуды көздейтін келісім пайдасыз да, өзіне өзі қайшы. Басқа біреуден барлығын талап ете алатынның оған қатынасында белгілі бір міндеттері бола ала ма? Басқаға бағасы сондай ешнәрсе бермейтін, ешнәрсе беруді көздемейтін осындай шарттың ешқандай шындық бола алмайтындығы о бастан аян емес пе?..
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)