Кеңесбаева Үрилә. Британ аралдары халықтарының ертегілері

Оқу
41 қағаз парақ
Пікіріңізді
Сөреге
Оқыдым

Бір жазылыммен мыңдаған кітаптарды оқыңыз

Сіз кітапты емес, орыс тіліндегі ең үлкен кітапханаға кіру мүмкіндігін сатып аласыз.

Оқитын нәрсе әрқашан да болады

Достар, редакторлар мен сарапшылар жаңа қызықты кітаптар табуға көмектеседі.

Қалаған жерде оқыңыз

Жолда, қала сыртында, еһшетелде оқыңыз. Телефон әрдайым өзіңізбен — демек, кітаптар да өзіңізбен.

Madina Bodaukhanova
Madina Bodaukhanovaдәйексөз қалдырды6 ай бұрын
БРИТАН АРАЛДАРЫ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЕРТЕГІЛЕРІ
Ағылшын тілінен тікелей аударған
Үрила Кеңесбаева
САУЫСҚАННЫҢ ҰЯСЫ
Ерте, ерте, ертеде, ересектердің бала кезінде, пысықтардың шала кезінде аспандағы құстар құстық өнердің қыр-сырын енді ғана меңгере бастаған екен. Ал ала қанат Сауысқан өзін сол кездің өзінде-ақ асқан білгір санапты. Бірақ оның білетіні тоғыз, білмейтіні тоқсан тоғыз еді.
Бір күні құстар ұя салуды үйренеді. Сауысқан сол күні бір жаққа қыдырып кетіп, маңызды сабаққа қатыса алмай қалады. Күндерде бір күн көктем келіп, құстар ұя салу қамына кіріседі; Сауысқан да жұрттан қалмай іске кірісейін десе, құрылысты неден бастарын білмей дал болады. Сауысқанның ішіне сөз сыйған ба!? Біздің Сауысқанымыз да басына түскен ауыртпалық жайлы жаһанға жар салып, зар илейді. «Құс екендерін рас болса, ұя салуды маған да үйретіңдер» деп қолқа салады. Құс ағайындары сауысқанды аяп, көп болып көмектесуді ұйғарады. Біреуі шөп-шалам әкеп, біреуі бұтақ тасып, Сауысқанға ұя салуды үйрете бастайды.
–Мына бұтақшамен мына жерді таспалайық, дейді Ұзақ өзі әкелген құрылыс материалын талдың жуан бұтағына іліп жатып.
–Осы да ма! Мұны мен сенсіз де білемін, Сауысқан тұмсығын көтеріп, құйрығын қайқайтады.
Сол мезетте олардың жанына Қара Торғай кеп қонақтайды. Ал мынау сабанмен мына тұсты жабайық, дейді ол..
–Осы да ма! Мұны мен сенсіз де білемін, Сауысқан тұмсығын көтеріп, құйрығын қайқайтады.
Жұмыс осылай жүріп жатады. Үлкен құстар: Құтан, Кептер, Қаратаған, Қарға, Қырғи бәрі бір-бір бұтақшадан алып келді. Ал Сауысқан тұмсығын көтеріп, құйрығын қайқайтып: «Осы да ма! Мұны мен сендерсіз де білемін» дегеннен бір танбай, әрі-бері секеңдеумен болды.
Көмекке Шымшық, Боз Торғай, Қарлығаш, Қара Тамақ сияқты кішкентай құстар келеді. Олардың кейбіреуі қабырғаны жүн-жұрқамен бекіте алса, кейбіреуі балшықпен сылақ сылауды жақсы білетін, енді бірі еденге мамық төсеудің шебері еді; бірақ мамық төсеушілердің өнеріне кезек тимей қалды. Бір үлкен құс бұтақшаны тұмсығымен тістеп, алып-ұшып келе жатса, Сауысқан тағы баяғы әніне салады: Осы да ма! Мұны мен сенсіз де білемін!
Сонда мақтаншақ сауысқаннан әбден мезі болған үлкенді-кішілі құстар: Солай ма, сауысқан мырза! Сен бізсіз-ақ бәрін біледі екенсің. Олай болса, мына құрылысты өзін-ақ жалғастыра ғой. Солай дейді де, тырна да, Қарға да, Шымшық та, Қарлығаш та, Торғай да пыр-пыр ұшып, өз шаруаларына кетеді.
Міне, Сауысқан ұясының сыйықсыз болатыны осы себептен: ұя емес, қалай болса солай тыға салған қисық-қисық таяқтар. Сауысқан ұя салуды әлі күнге дейін үйренген жоқ.
fb2epub
Файлдарды осы жерге салыңыз, бір әрекетте 5 кітаптан асыруға болмайды