«Жусан иісі» (Сайын Мұратбеков) кітабынан алынған дәйексөздер

Asem Estelik
Asem Estelikдәйексөз қалдырды7 ай бұрын
− Жылауды әркім біледі. Мықты болсаң нағыз еркектерше қиыншылықта жыламай бақ,-деген.
Aika Aika
Aika Aikaдәйексөз қалдырды4 ай бұрын
Бұл дүние - ертегі қиял дүниесіне, сиқырлы дүниеге айналып, біз өзіміздің бар-жоғымызды да ұмытқандай болдық.
қыстың сай-сүйектен өтіп дірдектеткен ызғарлы суығын ұмытып, ішекті түйнеген күлкіден қиқылдасып-шиқылдасып, көзіміз бен мұрнымыздан сорамыз бірдей ағып,
Есікбай - сидаң бойлы, қол-аяғы қара қайыстай қатқан ұзын, жүгіргенде алдына жан салмайтын, өзі төбелесқор, сотқар бала еді. Кейде қараптан-қарап келе жатып әркімге бір ұрынатын жаман әдеті бар. Әлі жеткенді аяқтан шалып қап, болмаса басынан тоқай алып жылатып жібереті
b0773003800
b0773003800дәйексөз қалдырды22 күн бұрын
Аян ғой күн сайын бір жаңа ертегі ойлап шығарады, ендеше ертегі шығару қиын да емес шығар, тек басқамыз ертегіні қалай құрастырудың әдісін білмейтін болармыз»,- деп түйетінбіз. Ал ол нендей әдіс, ол жағын қазбалап ойлай түсуге не өреміз жетпейтін де, не мойнымыз жар бермейтін. Таң атқаннан күн батқанша салп-сұлп етіп, көшенің аяғынан басына дейін шана сүйретіп сырғанақ ойнауды ғана білетінбіз. Кешкісін тесік пималарымыз бен сырма шарықтарымыз зілдей боп, шылқылдап су өткеніне қарамастан, ат қораның төбесіне тартатынбыз...

Алғашқы күндері күндізгі ойын кезінде Аянға шанамызды кезекпе-кезек сырғанауға беріп жүрдік те, келе-келе шетімізден сараңси бастадық. Қызық ойынның үстінде шанаңды бір жолға болса да біреуге беріп
Өйткені алғаш соқаға шыққан күні Аян:

− Жылауды әркім біледі. Мықты болсаң нағыз еркектерше қиыншылықта жыламай бақ,-деген. Сондықтан «жасық екенімізді» білдірмеуге тырысамыз.
Бірақ, сөйтіп, жарымжан боп қайтса да олардың әрқайсысының келуі ауыл үшін мереке еді. Солардың бірде-бірі Тұржанға ұқсап: «Қан көріп қайттым, қаным бұзылды»,- деп есірген жоқ.
− Мә, Аян, бір рет теуіп кел,- деп, оны мүсіркегеннен амалсыз бергендей болушы едік.

Аян да енді бұрынғысындай шанаға отырғанына қуана даурықпайтын. Қызараңдай күлімсіреп кеп шананы қолыңнан именшектеп алатын да, бір сырғанап кеп қолыңа беретін.
Janel Kaisarovna
Janel Kaisarovnaдәйексөз қалдырдыөткен ай
Күпі бойы өгіз үстіндегі жалғыз тілеу
Janel Kaisarovna
Janel Kaisarovnaдәйексөз қалдырдыөткен ай
Көкше бір таудың биігі-ай.
Janel Kaisarovna
Janel Kaisarovnaдәйексөз қалдырдыөткен ай
− Қазір Тұржан ағама айтам, бәлем...- деп бара жатты.
Janel Kaisarovna
Janel Kaisarovnaдәйексөз қалдырдыөткен ай
Сол күні Аян әжесінің тумаласы Бапай деген шалдың үйіне көшті.
Janel Kaisarovna
Janel Kaisarovnaдәйексөз қалдырдыөткен ай
Қас пен көздің арасында ұзын көше бастан-аяқ қыбырлаған балаға толып кетуші еді.
Janel Kaisarovna
Janel Kaisarovnaдәйексөз қалдырдыөткен ай
Біздің ауыл Ешкіөлмес деген кішкене қоңыр таудың дәл етегінде еді.
Janel Kaisarovna
Janel Kaisarovnaдәйексөз қалдырдыөткен ай
түйе тоқай ала бастады.
Janel Kaisarovna
Janel Kaisarovnaдәйексөз қалдырдыөткен ай
Желсіз тымырсық күнде бұрқылдаған май топырақ тұманша қалқып, шаңытып тұрып алады.
Janel Kaisarovna
Janel Kaisarovnaдәйексөз қалдырдыөткен ай
жазында көшіп келген
Janel Kaisarovna
Janel Kaisarovnaдәйексөз қалдырдыөткен ай
әжесі екеуі біздің ауылға қырық екінші жылдың
aisullu06
aisullu06дәйексөз қалдырды2 ай бұрын
қайырам деп жүргенде,
Aika Aika
Aika Aikaдәйексөз қалдырды4 ай бұрын
Түнерген аспам, ат қораның іргесінен әрі қарай үңірейіп жатқан қорқынышты терең құз, бәр-бәрі күннің ерекше бір нұры құйылып жарқырағандай боп, басқа бір дүниеге - ертедегі күлкіге толы қызық дүниеге айналды.
bookmate icon
Бір жазылыммен мыңдаған кітаптарды оқыңыз
Сіз кітапты емес, орыс тіліндегі ең үлкен кітапханаға кіру мүмкіндігін сатып аласыз.
fb2epub
Файлдарды осы жерге салыңыз, бір әрекетте 5 кітаптан асыруға болмайды