Мұхтар Әуезов

Жетім

    Сабина Алимбаевадәйексөз қалдырдыбылтырғы жыл
    Әжесі тірі болған күн Қасымның көңілінен сұлу сағымдай, жазғытұрғы мамық түсті бұлттай болып, қайта оралмастай боп жоғала бастады. Әжесінің мұны уатып айтатын ертегісі, кешкі мезгілде алдына алып күпісіне орап отырып, тербетіп айтатын сезімді қоңыр әні де жоғалды. Өшті. Қасымның үмітті жарық күні де батты.
    Janagul Otebekovaдәйексөз қалдырдыбылтырғы жыл
    Жан-жақта жүдеу тартып, жұмырланған боз төбелер қайғылы сырымен, дүние шерімен сазарғандай.
    b2158889734дәйексөз қалдырдыбылтырғы жыл
    Бірақ күндер өтті. Қасым жетім болды. Жетімдік бұған өзін барлық суық пішінінде емін-еркін танытты. Қатал тағдыр мықты қолымен қатты ұстады.
    Макосья Абдрахметовадәйексөз қалдырдыбылтырғы жыл
    Қасым сол күнгі жылауынан бастап, үлкен кісідей қайғыға, қаралы күйге түсті.
    Bella Kimдәйексөз қалдырды6 күн бұрын
    күніндей жабырқап жүдеп, қабағы қатқан қайғыда. Сырт пішіні момын сияқтанады. Бірақ ішіне ылғи жетімсіреген жалғыздықпен бірге, дүниеге сенімсіздік, ешкімге жуымайтын жатбауырлық нығайып орнай бастады.

    Бұл мінез өсіп, күшейіп, ішіне мұздай болып қатқан сайын, Қасым ашулы болып, қаны бұзыла бастады. Оның үстіне үнемі аштық, күтімсіздік, ауыр жұмыс қосылып, ойын шатастыра берді. Әжесі өлген соң, көңілінде бір күн тіршілігіне сүйсінгендей ашық күн болған жоқ. Кішкентай Қасымның түсі де, көңілі де қартайып, жүдеп барады. Бұл уақытта Қадишаның қолы үйреніп алған таяғы күннен-күнге: «Жетім ит». «Жаман неме?» — деп көзге шұқып, жиі-жиі тие бастады.

    Бүгінгі Қасым жалғыз келе жатқан түннің алдында таңертеңнен кешке шейін Иса мен Қадиша, бұны үйіне жолатпай, ауылдан қуып жүріп сабап еді.

    Ақырғы рет кеш алдында күні бойы жылаумен үздігіп әлі біткен Қасым жетімектің барлық сорлылығына бойсұнған пішінімен Исаның үйін жағалап келе жатыр еді.

    Жаутаңдаған көзімен жылы шырай іздеп келе жатқанда, алдында бұрынғыдай зәрленіп тұрған Исаны көрді. Иса бұған «сен қарсы келдің» деген зілмен тағы да ұрмақшы болып қарсы жүгірді. Сол уақытта Қасым жаны күйіп шыдай алмай жылап жүріп сөйлеп:

    — Мені мұндай сорлы қылғандай не жазып едім?.. Неңді жеп едім?! Жазығым — қуарып қалған жетімдігім бе? — деп жерде жатқан үлкен тасты ала салып, төніп келіп қалған Исаны тізесінен періп кеп жіберіп, далаға қарай қаша жөнеліп еді.

    Иса аузына келгенін айтып боқтап, аяғы мертігіп «бақ» етіп отырып қалды. Қасым сол бетімен тас лақтырып қуған балаларға жеткізбей, үлкен тауға қарай жөнеліп еді.
    Bella Kimдәйексөз қалдырды7 күн бұрын
    Жақын, жанашыр туысқаны жоқ болса да, маңайындағы ел әжесінің өлігін үйден алып шығарда, кішкентай Қасым үлкейген кексе кісі айтатын зардың бәрін айтып, шешесінің үстіне жығылып, айрылғысы келмей құшақтап:

    — Әжетай, мені кімге тастап кеттің?! Мені неге ала кетпедің, менің қаңғып қалғаным ба? Менің шынымен сорлы, шынымен жетім болғаным ба? — деп зарлағанда, елдің сай-сүйегін босатып, кәрі-жастың жүрегін еріткен болатын.

    Қасымға өзге өліктің бәрінен әжесінің өлігі батып еді. Әжесі демі үзілген мүйнетіне шейін қарсы алдында, аяқ жағына Қасымды отырғызып қойып, содан көзін алмай жатып үзілген. Кәрі кеудесінен жаны шыққанша, Қасымға ендігі қайғының қаншалық ауыр болатынын біліп, бұның сорлы болған пішінін көруге өзінің көзі шыдамай, есіркеп, барлық күшін жиып, езу тартып күлген сияқтанып жатып еді. Сонда өмірді тілесе — Қасым ержеткенше деп тілеген. «Құлынымның бұғанасы қатқанша, рақым ет. Сорлы қылып қақсатпа, зарлатпа, көрде мені күңірентпе!» — деп тілеп еді.
    Bella Kimдәйексөз қалдырды8 күн бұрын
    өткен соң «жақынымын» деп, жаны ашыған ие болып шығып, Иса деген ағайыны Қасымды қолына алды. Қасымның әке-шешесінен отыз шақты қой, он шақты қара қалып еді.

    Исаға Қасымның малын берерде жұрт: «Жетімнің малына қиянат қылма! Өзін адам қыл, күт, асыра, жылатпа!» — деп тапсырған болып беріп еді.

    Исаның балалары көп, малы жоққа жақын кедей болатын. Ұрысқақ долы қатыны Қадиша мен Иса Қасымды алғашқы қолына кіргізіп алысымен малды өз малындай, өз мүлкіндей баурай бастады.

    Түнде ел жатқанда жетім қозыдай тас бауыр болып қалған Қасым жат ұяда ұйықтай алмай, көрпенің астында үндемей жылап жатқанда, Иса мен Қадишаның әңгімесін есітіп еді. Сонда олар Қасыммен бірге келген малдың санын азсынып, әрқайсысының түсін атап: «Әне бір көк саулық пен қарабас қойды соғымға жібереміз, қасқа сиырды сатып, үй-ішіне — бала-шағаға саудагерден бұл аламыз», — деп ашыққа салып, кеңесіп жатты.

    Қасымның көрпе астында жылап жатып, мұрнын тартып дыбыс бергені де оларды бұрынғы әңгімеден тыйған жоқ еді.

    Қасым осы түннен бастап бар қайғыны ішіне жия бастады. Маңайындағы көрші қатындар, сенімсіз топас шалдар:

    — Бала, малыңа ие болуға жарамайсың?.. Әй, сені Иса жейді ғой. Сенің малыңды құртады ғой. Ие бол! — деген сөздерді айтқыштап қоятын.

    Қасым сөйлеп, орынды сөз айтып жеңе алмайды. Бірақ көңіліне жетімдік, әлсіздік қайғысы зіл қара тастай орнап қалды. Аз заман өткенде бұрынғы толық ажарлы Қасым аппақ болып қуарып жүдеп, ылғи қабағы түйіліп, қайғы сызымен түксиіп алды. Жалғыздық, сорлылық кебін барлық пішінімен білдіретін болып еді.
    Bella Kimдәйексөз қалдырды8 күн бұрын
    Табиғат балаға қатал, суық көрінеді. Жан-жақта жүдеу тартып, жұмырланған боз төбелер қайғылы сырымен, дүние шерімен сазарғандай. Бетіндегі ақ көде, сары селеуді сүйретіліп, сумаңдап соққан түн желі желпи қозғап сілкінтіп тұр. Қарауытқан көлеңкелі сайлар қара түннің қараңғы сырын бауырына жиып, әлденеге сақтап тұрғандай болады. Белгісіз тұңғиық жүрегін жаныштады. Әрі салқын, әрі қорқынышты күйді есіне түсіргендей болады. Жүрегін қорқыныш басып, жалғыздық жеп келе жатқан баланы не бастап келеді? Жеті түнде айдап шыққан айдаушы кім? Айдаушы сол баланың тағдыры еді.

    Он жасар Қасымның бұдан бір жыл бұрын кәрі анасы өліп еді. Одан жарты жыл бұрын өзі туған әке-шешесі өлген... Өз әке-шешесі өлгенде Қасымның сүйеніші болып қалған кәрі әжесі бар еді. Қасымның кішкентай әлсіз басы тағдырдың бұның басына келерлік барлық соққысын түгелімен көріп шыққан. Алдыңғы өлімнен кейін жарты жыл өткенде кәрі әжесі өліп еді. Бұрынғы бала — бұрын еркелікпен жылайтын Қасым әжесі өлген күні шын қайғымен жылап еді. Басына аспан құлағандай уайымды сол күні көріп еді.
    Aruzhan Baltabaiдәйексөз қалдырды2 ай бұрын
    Ұрысқақ долы қатыны Қадиша мен Иса
    Aruzhan Baltabaiдәйексөз қалдырды2 ай бұрын
    Иса деген ағайыны Қасымды қолына алды.
    Мадина Тулегендәйексөз қалдырды4 ай бұрын
    Жеті түнде айдап шыққан айдаушы кім? Айдаушы сол баланың тағдыры еді.
    b9825561872дәйексөз қалдырды8 ай бұрын
    Бұлардың беті — қалың таудың іші. Күнбатыста алыста жауын бар еді. Сол алыста күн күркіреп жатты. Анда-санда көкжиектің тұсында күн жарқылдап
    b9825561872дәйексөз қалдырды8 ай бұрын
    Жаз ортасының қоңыр кеші. Ұлытаудың бөктерінде кештің қоңыр салқын желі еседі. Күн батып, ымырт жабылып барады. Күнбатысты қалың қара бұлт басқан, айналада күңгірт тартқан төбелер қоңырқай тартып, түн тыныштығына қарай бойсұнған сияқты. Сондай жүдеп сарылған төбелердің арасымен үш салт атты келе жатыр еді.
    Гүлбаршын Думандәйексөз қалдырды9 ай бұрын
    «Құлынымның бұғанасы қатқанша, рақым ет. Сорлы қылып қақсатпа, зарлатпа, көрде мені күңірентпе!» — деп тілеп еді.
    Гүлбаршын Думандәйексөз қалдырды9 ай бұрын
    Әжетай, мені кімге тастап кеттің?! Мені неге ала кетпедің, менің қаңғып қалғаным ба? Менің шынымен сорлы, шынымен жетім болғаным ба? — деп зарлағанда, елдің сай-сүйегін босатып, кәрі-жастың жүрегін еріткен болатын.
    b5669776880дәйексөз қалдырды10 ай бұрын
    Айдаушы сол баланың тағдыры еді.
    Janagul Otebekovaдәйексөз қалдырдыбылтырғы жыл
    Әжесі демі үзілген мүйнетіне шейін қарсы алдында, аяқ жағына Қасымды отырғызып қойып, содан көзін алмай жатып үзілген.
    Janagul Otebekovaдәйексөз қалдырдыбылтырғы жыл
    Басына аспан құлағандай уайымды сол күні көріп еді.
    Janagul Otebekovaдәйексөз қалдырдыбылтырғы жыл
    Жүрегін қорқыныш басып, жалғыздық жеп келе жатқан баланы не бастап келеді?
    b2158889734дәйексөз қалдырдыбылтырғы жыл
    Түнде ел жатқанда жетім қозыдай тас бауыр болып қалған Қасым
fb2epub
Файлдарды осы жерге салыңыз, бір әрекетте 5 кітаптан асыруға болмайды