b4096004144has quoted4 years ago
Абыз. Батыр десем... белге шықпай ойда ойнақшыр бейпіл ме ең. Азамат десем ауыл үйдің тентегі ме ең? Мақтамаймын Кебекті, құптамаймын сені де. Кегім десем - зықымды алған зұңғарды айтсам не етуші еді?

Ашуды айтсам, Ақтабан-шұбырынды ма еді ұмытарым, тастарым. Елдігім қайда сондағы? Қусам соны қусамшы. Кесескенім Кебек болса ертсемші сол жолға, салыссамшы, жарыссамшы сол жауға қарсы сілтеген қайқы қара жолында... Елің үшін ермесе, сонда алсаңшы бар есеңді. Төңірегіңді торыған жатты көрмей, жағаласар жауың жақының бопты. Жарқыным, мен емес ертер серігің!
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)