bookmate game
kk
Free
Мұқан Иманжанов

Алғашқы айлар

274 printed pages
Have you already read it? How did you like it?
👍👎

Impressions

  • Аружан Алиеваshared an impression4 years ago
    👍Worth reading

    Өте керемет!

  • b6902117981shared an impressionlast year
    👍Worth reading

    Керемет оқуға кеңес беремін. Мұғаліммін. Сол заманның мұғалімі болғым келіп кетті қандай кіршіксіз таза адамдар таза жүректі оқушылар

  • b6904037010shared an impression2 years ago

    Ең керемет кітаптардың бірі

Quotes

  • Аружан Нурлановаhas quoted8 years ago
    АЛҒАШҚЫ АЙЛАР
    (повесть)
    БІРІНШІ БӨЛІМ
    «Бұл жақта күн қандай салқын! Алматы ғой қазір күйіп тұрған болар» деп ойлады мектеп директорын күткен Жақыпбек ашық терезеден тысқа көз жібере отырып.
    Колхоз деревнясы жым-жырт. Қыбыр еткен жан жоқ. Аймағын көк - жасыл төбелер қоршаған шағын село күн нұрына шомылып, күреңденеді. Терезеден көрінген жасыл белестер көк теңіздегі толқын тербеген кемедей бірде алыстап, бірде жақындап, ырғалғандай болады. Бар ынтасымен сол аймаққа тесіле қарап қалған Жақыпбектің көңілін сонау бір мүйістегі үйдің бұрышынан жүгіріп шыққан екі бала бөлді. Олар барын сала безек қағып, мектепке қарай зымырап келеді.
    Бұлардікі жай жарыс емес, бірін-бірі қуып келе жатқанын Жақыпбек енді аңғарды. Өйткені алда келе жатқан бұйра шаш соңындағы, бой жағынан қалыңырақ, өткір көзді қараның өкшелеп қалғанын сезіп жалтаққа басты.
    Ол, тегінде құтылмасын білді ме қалай, мектепке тақай беріп арсалақтап күліп, құлай кетті. «Қуғыншы» ай-шайға қарамастан, оны келген бетте умаштай бастады.
    — Ә, қоямысың, бәлем!..
    Біресе «қойдым», біресе «қоймаймын» деп сықылықтап күліп, жер тепкілеп бұйра шаш жатыр.
    — Жалын, жаныңның барында!..
    — Қойыңдар! — деп дауыстады Жақыпбек терезеден басын сыртқа шығарып.
    Ойын қызығына берілген балалар кенет тынып, дауыс қайдан шықты дегендей аң-таң болып, бастарын жерден жұлып алды. Сол шақ, директор кабинетінде, ашық терезе алдында тұрған, бұрын көрмеген, бейтаныс жас жігітке екеуінің де көзі бірден қадала кетті.
    — Мұғалімдердің біреуі ме деп шошып қалсам, басқа жерден келген біреу екен ғой,— деп сыбырлады бұйра шаш жолдасына, осы жатысы өзіне ұнағандай орнынан да қозғалмастан.
    Екі баланың үлкен деп міз бақпауы Жақыпбектің де қытығына тиді.
    — Қой дедім ғой мен сендерге. Неғылған тілазар баласыңдар?
    — Біз саған неғылдық? — деді манадан бері бұйра шашты бүргіштеп жатқан одан ересектеуі орнынан ұшып тұрып.
    Оның тұрпайы сөзі Жақыпбекке тіпті ұнамады.
    — Мен сенің құрдасың емеспін, ең алдымен сіз деп сөйле, екіншіден, өзің бері кел!
    Оның бұл сөзіне бала мән бермеді.
    — Тұр, Сейтен! — деп ол құс төсекте жатқандай тақырда рақаттана аунаған жолдасына бұрылды.
    Бұйра шаш орнынан ұшып тұрды.
    — Екеуің де бері келіңдер!
    — Бізді қайтесің? — деді қара сирақ.
    — Қайда оқисыңдар?
    — Оны қайтесің?
    — Керегі бар.
    Әңгімеге енді бұйра шаш араласты.
    — Біз осында оқимыз.
    — Олай болса, мен сендерге келген мұғаліммін...
    Екі бала нанарын да, нанбасын да білмей, тосырқап тұрып қалды да, артынша қара сирағы тағы да тұрпайы мінез көрсетіп: «сен нанып тұрсың ба, әшейін айтады», деп бұйра шашқа қарады.
    — Әйда, кеттік!
    Екеуі жүгіріп ала жөнелді.
    «Бұл неғылған бейбастақ балалар? Өздерінің әке-шешесі қайда екен?» — деп ойлады Жақыпбек. «Адам тәрбиелеуді оңай деме. Алуан түрлі бала бар. Солардың бәрінен азамат өсіріп шығару — ең қиын өнер» дейтін еді оның қарт оқытушысы, жаңағы екі баланың қылығы сол сөзді ауылға келмей жатып-ақ есіне салды.
    Кабинетке жасы елу бес - алпыстар шамасында, самайына ақ кірген, бурыл шашты, бет терісі қалың, көзі шегірлеу, орта бойлы адам кірді.
    — Қадыров,— деді ол қолын созып.
    Жақыпбек күткен мектеп директоры осы кісі болатын.
    — Әділбеков.
    — Мені көп күтіп қалдыңыз ба?
    — Жоқ, келіп түскен бетім осы.
    Мектеп директоры күдері әңгімені бипаздап, «сіз, біз» деп жатпады. Жақыпбектің жастығына қарады ма, әлде өзімсінді ме, немесе, өзінің ежелгі әдеті солай ма, бірден «сен» деп сөйледі.
    — Аудандық оқу бөліміндегі жігіттер сен туралы хабарлаған... Педагогика институтын бітірген боларсың?..
    — Я, бітірген едім,— деді Жақыпбек селқостау жауап беріп. Ол жасы үлкен болса да, директордың танысып-біліспей жатып «сен» деп сөйлегенін көңіліне ауыр алып қалды.
    Директор Жақыпбек жайын көп сұрап қазбалап жатқан жоқ, жұмыс бабын айта бастады.
    — Жағдайымыз мақтарлық емес, шырақ. Мектебіміз бұрын бастауыш еді, осы биыл жетіжылдық боп қайта құрылды. Мұғалімдердің кейбірі өзін сияқты жаңадан келіп жатыр. Оларға пәтер де жетіспейді. Өзі, шынын айту керек, қиын боп тұр.
    — Колхоз бар емес пе?..
    — Мектебімізді жөндеп берді. Сонысына рақмет. Басқа көмекті колхоздан күтпеймін де...
    Күдерінің мектеп пен колхоз арасына жік қоя сөйлеуі Жақыпбекке жат естілді.
    — Сіздің сөзіңізді қалай түсіну керек? Колхоз мектептен бойын аулақ сала ма, әлде мектеп колхозға жуысқысы келмей ме?
    — Мектеп колхоз көмегіне қашан да ділгер ғой, ал, колхоз мектеп көмегін не қылсын.
    — Меніңше, колхоздың да мектепсіз күні жоқ...
    — Осы сөзіңді колхоз бастығы Есенбекке айтсаң...
    — Ол, сондай түсінбейтін адам ба?
    — Түсінбейтін адам деуге болмас... Бірақ, мектепке мейірі оңайлықпен түсе қоймайтын бір әдеті бар.
    Дерін десе де, осы айтқанын артынан өзі орынсыз көрді ме, әлде бұл жайында сөз қозғағысы келмеді ме, директор әңгіменің бетін дереу басқа жаққа бұрды.
    — Жә, ол өз алдына әңгіме, сені орналастыруым керек қой. Соны ойластырайықшы... Тегінде, пәтер табылғанша, біздің үйде бола тұрарсың. Директордың әзірге одан басқа дайын пәтері жоқ.
    Ол есік алдына барып: «Бану» деп дауыстады.
    Манадан бері директордың шақыруын күтіп, әдейі кідіріп тұрғандай, көзі ойнақшыған, аққұба, талдырмаш қыз сып етіп кіріп келді.
    Жүріс-тұрысында балаларға тән ерекше бір шапшаңдық, ойнақылық бар осы қыз күтпеген жерде өзін тым парықсыз ұстайтынын аңғартып та алды: ол кіре беріп, бөгде адамды көріп кілт тоқтады және өзінің ұршықша үйірілген шапшаң қимылынан ұялағансып, дереу төмен қарай қойды. Мұнысы табиғатына біткен жайдарылыққа мүлдем келіспей, қолдан жасалған әрі бұрынғы ауыл қыздарына тән орынсыз сыпайылық болып шықты да, кіріп келген беттегі әлгі бір сүйкімділік атымен жоғалып кетті.
    Небәрі бірер секундтің ішінде болған бұл үнсіз құбылыстарға Жақыпбек сын көзімен қараса, ал Күдері тіпті бұл жайларды аңғарған да жоқ.
    — Биолог Бектұрсынова қарындас,— деді Жақыпбекке таныстырып,— біздің мектепте бұл қарындас та бірінші рет сабақ бергелі отыр. Бұрын көршілес «Мәдениет» колхозында оқытушы еді. Мектебіміз үлкеюімен байланысты осында ауыстырылды.
    Енді ол Бануға бұрылды.
    — Мына кісі болашақ завучіміз...
    Төмен қарап тұрған Бану басын сәл елеусіз жоғары көтеріп қап, Жақыпбекке көз қырын тастап жіберді. Әлгіден бері екі қабақтың астына кезек-кезек тығылып, әрлі-берлі ойнақшып тұрған мөлдір қара көз аясы кеңіп қалғанда, өз отын еріксіз жалт еткізді де, қайтадан төмен аунап кетіп жоқ болды. Бірақ соның өзінде жай кетпей, Жақыпбектің бет пішінін қарашығына қондырып ала кетті.
    — Мен үй жаққа барып, мына жігітті орналастырып келейін. Сен осында отыра тұр. Ауданнан телефон соғып қалуы мүмкін,— деді Күдері оған.
    — Үйге бару қашпас. Мен әуелі мектеппен танысайын. Бану қарындас маған, мүмкін, кластарды көрсетер,— деді Жақыпбек.
    Қыз да енді алғашқы беттегі кібіртіктен құтылып, «жүріңіз, аға, көрсетейін» деп жайнаң қағып, үйіріліп қоя берді. «Мұғалімдік өнері қандайын өзі білсін, әйтеуір, пысық екен» деп ойлады Жақыпбек оның сөз әлпетінен, жүріс-тұрысынан байлау жасап.
    Жақыпбек қызды қалап тұрған соң «мен көрсетейін» деген артық ізетті Күдері де жасап жатпады. Ол:
    — Сендер, олай болса, класқа кіріп шығыңдар, үйге сонсоң барармыз,— деді де, алдында жайылып жатқан қағаздарды реттеуге кірісті.
    Кластарға - Жақыпбектің көңілі толмады. Іші - тысы ақталып, тәртіпке келтірілгенімен пәлендей көз тартпайды, көңілсіз боп көрінеді. Бірінде емес, бәрінде де бірдеңе жетпей тұрған тәрізді. Бірақ, сол жетпей тұрған не екенін Жақыпбек ойлап таба алмады.
    — Кластарымыз сізге ұнамады ғой деймін шамасы,— деді Бану ерні ерніне жұқпай күле сөйлеп.
    — Оны қайдан білдіңіз? — деді Жақыпбек те күлімсіреп.
    — Бет пішініңіз, әсіресе, көзіңіз айтып тұр.
    — Олай болса, көзімнің сыр жасыра білмегені ғой,— деп Жақыпбек күліп жіберді.
    — Көздің қасиеті де, осалдығы да сол сыр жасыра білмейтіндігінде ғой.
    Жап-жаңа ғана ескі ауыл қызынша кісі алдында өзін қайда қоярға білмей именіп, дұрыс амандасудың да жөнін таппай мүсәпірсіп тұрған Банудың мына әзілі жалпы тілмарлау болса да, Жақыпбекке ұнап кетті. «Қарай гөр өзін» деді ішінен ол.
    Бұлар ең шеттегі класқа келіп кірді.
    — Кең бөлме, әттең парталары ескі,— деді Жақыпбек. Содан кейін отырып көрді де,— тым аласа емес пе,— деп Бануға қарады.
    — Бұрын төртінші кластың балаларына арналған парта ғой. Әйткенмен, 5—6-кластар үшін аласалық етпес деп ойлаймыз.
    Кенет, Жақыпбектің көзіне алдындағы партаның ашпасына пышақпен ойып жазылған екі сөз шалынды. «Сапар Баймұратов» деді ол дауысын шығарып.
    Бану оның бетіне жалт қарады.
    — Сіз бірдеңе дедіңіз бе?
    — Мына жазуды оқып отырмын.
    — Ондай жазу мұнда да бар екен,— деді Бану қатардағы партаның ашпасына үңіліп.
    — Сейтен Жанғабылов,— деді Жақыпбек әлгіден де гөрі сөлекет ойылған жазуды оқып.— Таныс есім.
    — Сіздің білуіңіз мүмкін емес. Бұл екеуі де кішкентай балалар...
    — Өздерінің әке-шешесі бар ма екен?
    — Сапардың әкесі бар. Колхоздың завхозы. Сейтеннің шешесі бар, оқу үйін басқарады.
    — Қалай оқиды екен, ол жағын білмейсіз бе?—деп сұрады Жақыпбек, дәуде болса, жаңағы екі тентексің ғой деп ойлап.
    — Неге білмеймін. Мұндағы бастауыш мектепті бітіріп, былтырғы оқу жылында біздің «Мәдениетте» менің класымда оқыды бұл екеуі... Осылар үшін педсоветте талай таяқ та жедім, не сабақ оқымайды, не тіл алмайды, ой, бір тәртіпсіз балалар. Әсіресе, Сапар дегені шатақ. Бәрін бүлдіретін де сол.
    — Жалпы бұл екеуі жақсы бала болмады ғой.
    — Жақсыңыз не, оңбаған балалар.
    — Ал класыңыздағы өзге балалар ше?
    — Олардың бәрі де жақсы.
    Жақыпбек қызға қадала қарап, кішкене ойланып тұрды да, жайлап сөзге кірісті. Жаңа ғана көзінде ойнаған күлкінің ізі де осы минутта жоқ болып, реңі байсалдылықты аңғартты.
    — Жоқ, Бану қарындас, «жақсы» бала, «жаман» бала деген пікірге қосылғым келмейді.
    — Несін дауласамыз, оны сізге өмір өзі-ақ әлі көрсетер...
    — Оған сөз бар дейсіз бе... Ал бірақ жалпы белгілі мына жайды сіз де ұмытпаңыз: туысынан жаман адам болмайды, адамды жақсы ететін де, жаман ететін де көп жағдайда тәрбие демей ме біздің педагогика. Егер сіз бен біз дұрыс тәрбиелей білсек, «жаман бала» деген ұғым ізсіз жоғалатыны талас тудыра қояр ма екен...
    — Кінә, өзіңізде дейсіз ғой...
    — Кінә жалғыз ғана сізде болмауы да мүмкін...
    — Солай ма? — деді Бану күлімсіреп.— Несі бар, «жаман» деген сөзді өмірден жою үшін бұдан былай бәріміз де сізден үйренетін боламыз.
    — Мұныңыз орынсыз шенеу, ал мені дұрыс түсінуіңізді сұрар едім: мен білгенім болса үйретуге де, білмегенімді үйренуге де әзір адаммын...
  • Uldana Serikkyzyhas quotedlast year
    Небәрі бірер секундтің ішінде болған бұл үнсіз құбылыстарға Жақыпбек сын көзімен қараса, ал Күдері тіпті бұл жайларды аңғарған да жоқ.
  • b0092659699has quotedlast year
    ын әйел көрсе, бірдеңе айтып

On the bookshelves

fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)