Олардың әрқайсысына жеке - жеке түрліше ат берген. Әділетке «Күшуды Елік» атын беріп, хан орнына қойған; Дәулетке «Айтолды» деген ат беріп, уәзір орнына қойған; Ақылға «Әгдүлміш» атын беріп, уәзірдің ұлына балаған; Қанағатқа «Одғұрмыш» атын беріп, уәзірдің туыс, ағасы деп санаған.