«Әже, маған не әкелдің?» – деп, қалта-қалтасын ақтарып жатырмын. Әжемнің қалталарында түп болмайды. Түп болатын шығар-ау, бірақ оған менің қолым оңайлықпен жетпейді.
kumisbeknurbolдәйексөз қалдырдыөткен ай
Елге өте сыйлы, бетті адамдар болғандықтан, оларды мазалауға кім көрінгеннің батылы жете бермейді. Өзгеге дік-дік етіп, қамшы үйіруге дайын тұратын белсенділер Жантай, Боқшабайдың үйін алыстан айналып өтеді.
b7555773678дәйексөз қалдырды7 ай бұрын
Сауатым ашылып, өздігімнен оқуға, жазуға жарап қалған кезім. Әліппедегі бүкіл өлең, әңгімелерді жатқа білем.