«Киім астарынан тозады», – дегенді үлкендерден көп естуші еді. Сонда түсінбеген екен. Санасына там-тұмдап енді сәуле түскендей. Киіле-киіле киімнің астары тез тозатынын кейін аңғарды. Сырт киімнің тіні қанша берік болғанымен, астарының тоз-тозы шығып жүрсе, онда қандай қауқар, қандай қасиет қалады. Демек, астары тысынан да мықты болғаны абзал. Күйеуі киімнің тіні болғанда, бұл астары емес пе? Марғуаның мықты, берік, шыдамды болмасқа шарасы бар ма?