Бақташының баласы, Сәбит Мұқанов
Тегін
Сәбит Мұқанов

Бақташының баласы

Оқу

Пікірлер

Alina Musulmanbekova
Alina Musulmanbekovaпікірмен бөлісті10 ай бұрын
👍Кеңес беремін

Керемет

Gacha Elly
Gacha Ellyпікірмен бөлісті2 жыл бұрын
👍Кеңес беремін

Түсінікті

Marathan Feriza
Marathan Ferizaпікірмен бөлісті7 ай бұрын

Жандостың обыразы қандай

Дәйексөз

Dias Avelbekov
Dias Avelbekovдәйексөз қалдырды3 ай бұрын
Балам, — дейді анда - санда Бектас қарт, — қой айтады екен, «көк соқтада бір тойдым, көбік қарда бір тойдым» деп. Жайшылықта қанша оттаса да қанағат қылмайтын мал ғой, бұл қой!.. Арман еткен көбік қары жауды олардың!.. Оттауын - ай, шіркіндердің құныға!.. Бүгін бір елі май алар өздері...

Олар кейін оралғанда, өгізге мінген шалдан, жаяу Жандос қақпанға жүгіріп бұрын жетті де, жалт бере кейін қашты.

— О не?— деді шал, өгізін тебіне балаға ұмтылып.

Қашып кеп өгізге тығылған бала ентіккен үнмен «қасқыр!» деген сөзді әрең айтты.

— Қайда?

— Анда! — деді бала алқынып, өлімтік жатқан тұсты қолымен нұсқап.

— Қақпанда ма?

Оншасын аңғара алмаған бала «білмеймін» деп басын шайқады. Көзі алысты айқын шалғанмен, жақынға бұлдырай бастаған шал, неде болса барып көрмек боп, өгізін тебіне ілгері ұмтылды. Мүмкіндігі бар қауіпке даярланып, қарына бүлдіргесінен ілген қысқа шоқпарын қолына көтеріп алды. Бала шын - ақ қорқып қалған екен, атасының үзеңгісіне жармаса аяңдайды да, бөлініп кетпейді.

Өлімтік қасында қарайып жатқан қасқырды шалдың көзі анадайдан абайлады. Қасқыр қимылсыз. Сонысына қарағанда, у жеп өлген болу керек. Бала оны әлі де тіріге санағандай үзеңгіге тығыла түседі...

Қасқыр расында өліп қапты. Шалдың айтуынша — бала қасқыр!.. Өлімтік маңайы опыр -топыр із!.. Қақпан жабылып қапты... Оның маңы қарға жентектелген қан!.. Өгізден түскен шал мен бала екеуі қақпанға жақын кеп үңілсе, қанауызға қысылып, қасқырдың бір сирағы қалып қойыпты!.. Шал соның бәрін көріп кесімді сөзін айтты:

— Біреуі артқы оң жақ санынан қақпанға түскен екен де, өз аяғын өзі шайнап үзіп құтылып кеткен екен.

У жеп өлген қасқырға бойы үйренген Жандос, оны аяғымен теуіп көрді.

— Дұрыс, балам, дұрыс! — деді шал, — үйрет бойыңды. Тірісіне жолыққанда қорықпайтын бол. Малдың жауы, бұл қасқыр деген. Ауылда тұрсаң, онымен әлі талай арпалысасың.

Шалдың жобасынша, у жеп өлген қасқыр бұл ғана емес. Ізін қараса, өлімтікке келгендер саны жетеу
Асем Туралина
Асем Туралинадәйексөз қалдырды3 ай бұрын
Адамды аң жеңіп көрген емес, — деді Жандос, — қатерлі екені рас, бірақ, адам жеңеді оны!..
Асемгул Сейлхан
Асемгул Сейлхандәйексөз қалдырды4 ай бұрын
«Ылай суға май бітпес қой өткенге,

Күлеміз қасқыр жалап дәметкенге!

Сол қасқырша алақтап түк таппадым

Сөрелерде

Қазақша проза//Проза на казахском, Asem Zhapisheva
Қазақ әдебиеті, Сабыржан Камаев
Сабыржан Камаев
Қазақ әдебиеті
  • 15
  • 16
Балалар, b2400170208
b2400170208
Балалар
  • 1
  • 9
Казакша кітаптар, Исламбек Жаксыбаев
Исламбек Жаксыбаев
Казакша кітаптар
  • 6
  • 5
Сəбит Мұқанов, Nartay Official
fb2epub
Файлдарды осы жерге салыңыз, бір әрекетте 5 кітаптан асыруға болмайды