Жаратылыстық ахуалдан азаматтық ахуалға осынау көшу адам бойында едәуір өзгеріс жасайды, оның құлқындағы инстинктті әділетпен алмастырады және оның қарекеттеріне бұрын болмаған инсанияттық сипат береді. Парыз үні нәпсі құмарлығын, ал құқық пиғылды алмастырғанда ғана осыған дейін тек өзімен ғана санасқан адам, басқа принциптерге сәйкес қарекет жасауға, өзінің бейіміне ере кетуден бұрын парасатымен кеңесуге мәжбүр болады. Бұл ахуалда ол өзіне табиғат берген көптеген артықшылықта