bookmate game
Тегін
Сәбит Мұқанов

Өмір мектебі. ІІІ

605 қағаз парақ
Оқып қойдыңыз ба? Не айтасыз?
👍👎

Пікірлер

    b6821747782пікірмен бөлісті4 жыл бұрын
    👍Кеңес беремін

Дәйексөз

    Zhadyraдәйексөз қалдырды8 ай бұрын
    күн тәулігінің жиырма төрт сағатында сәтсізі жоқ.
    Malik Orynbassarovдәйексөз қалдырды2 жыл бұрын
    Үйінде даяр тұрған шайды ішіп, етті жеп болғанша Жұмабай мені Қарағандының өткен тарихымен де, бүгінімен де, болашағымен де қысқаша таныстырып үлгерді. Оның айтуынша, бұл арада көмір барын XIX ғасырдың орта тұсында аңшы қазақ ашқан. Соңына тазы ерткен осы қазақ көзіне шалынған бір түлкіні қуады. Тазы сыпыруға жақындап қалған кезде түлкі інге кіріп кетеді. Ақшы іннің аузын таспен бекітеді де, аулынан кісілер әкеп қазады. Сонда, тереңірек жерден бұрын көрмеген ғажап тас шығады: түсі қара, өзі жұмсақ, жағып көрсе маздай жөнеледі! Бұ не ғажап?!

    Аңшылар түлкіні соғып алады да, бұрын көрмеген, естімеген тас тапқандарын аулына айта барады. Жұрт жиналып кеп тағы да көрсе,— жанатын тас!

    Маңайдағы ел оны отын орнына пайдалануға кіріседі... Осы хабар әуелі старшынға, одан — болысқа жетеді. Болыс орыс әкіміне айтады... Осылай біреуден біреу хабарлана кеп, ақыры Ақмоланың, сәудегері — Ушаков естиді де, астында көмірі бар «Итжон» өлкесін елу сомға сатып алады, содан кейін көмірді қаздырады да, маңайдағы қалаларға саттырады...

    Кешікпей Қарағандыда асыл көмір бары Европаға естіліп, француз капиталисі — Карно Ушаковтан елу мың сомға сатып алады.
    Malik Orynbassarovдәйексөз қалдырды2 жыл бұрын
    — Бәйгеге бара жатқанда, орысымыз бар, қазағымыз бар, бүкіл Қазақстаннан шабатын аттардың балалары: «қайсымыз озсақ та, бәйгені бір-бірімізге қияйық, бірақ Сіберлеуден («Свердлов» дегені) келген қайқы қара биені оздырмауға тырысайық. Ол үшін, биеге қай бұрын жеткеніміз қатарласпай, я озбай, қыр соңынан түсіп қиқулайық та отырайық» деп уәделескеміз.

    Мен «неге өйттіңдер?» деп сұрамаймын, себебі,— бала күнімде бәйге атына мініп, өзім де көп шапқам. Сонда, «озады-ау» деп қауіптенетін аттың артына түсіп

Сөрелерде

fb2epub
Файлдарды осы жерге салыңыз, бір әрекетте 5 кітаптан асыруға болмайды